Описание слайда:
Ежелгі грек сөзі "оікоs" осы ғылым атауының қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге ол адам игерген және тұрақтандырылған табиғатты белгілеу үшін "ойкумена" ("экумена") үғымын да білдіреді.
Адамның космосты игеруі арқылы "экумена" ұғымы жер шеңберіненде әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына сіңді. Қазіргі уақытта ол биология тарауларының бірі ғана емес, сонымен бірге география, саяси экономия, философия да, жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық кешені онымен туыстас ғылым екені белгілі. Оның үстіне, қазір экология ғылыми ұғымның шегінен шығып, әрбір мемлекеттің және әрбір жеке адамның алаңдаушылығы мен қобалжуын туғызып отыр. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық дағдарыс экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді
де аямайды.