Описание слайда:
Адам ағзасына тек химиялық қана емес, сонымен қатар, биологиялық ластаушылар да әсер етеді. Ауа ортасының құрамында биологиялық нысандардың өте көптеген түрлері: бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтардың споралары, қарапайымдалардың цисталары, кенелер және т. б. бар. Алайда, ауа ортасының өзіне тән микрофлораны бөліп көрсету мүмкін емес, себебі, микроағзалардың өсіп-өнуі үшін ауа қолайлы орта болып табылмайды. Сонымен бірге, биологиялық агенттер, тіпті кепкен күйінде де өмірсүруге қаблеттілігін ұзақ уақыт сақтап қала алады. Ауа көптеген инфекциялардың: туберкулез, дифтерия, қызылша, көкжөтел, скарлатина, тұмау, сібір жарасы, туляремия, обаның және басқалардың негізгі берілетін жолы болып табылады. Ауа массасының үнемі айналымда болуы биологиялық аэрозольдердың едәір қашықтыққа таралуына ықпал етеді, бұл эпидемия дамуы қауіпін туғызады. Соңғы жылдары «қолдан жасалған» немесе қоздырғыштардың табиғи жолмен мутациялануымен (құс, доңыз тұмауы) байланысты инфекцияларды жұқтыру қаупі шұғыл өсті.