Описание слайда:
Өзгермеген нәрсе болса, ол түйелер. Ұзын сирақ жануар күнұзын өріс қуып, тісіне ілінгенді талғажау етіп жүріп-ақ кешке желінін толтырып оралады. Ақ білегін сыбанған бәйбішелер күрпітіп тұрып сауып алады. Сонан соң анадан алған үлгімен, енеден көрген жолмен сауған сүтін ұқсатудың қамына кіріседі. Шіркін, түйе сүті дегенің әрі сусын, әрі азық, құдайдың бере салған мол ризық несібесі ғой. Сүтін шайға қатсаң алтындай реңк беріп, ішкен үстіне іше түскің келеді. Шикілей ішсең тәнге қуат дәрумен. Пісіріп, қайнатып, баптаса балқаймақ болып бойыңды балқытады, ірімшік болып тіл үйіреді, үгітілген майлы құртқа айналып таңдайыңа татиды. Ашытып, бабына келтірсе құрсағыңды қытықтап, көңіліңді шалқытатын, жан сарайыңды сергітетін ғажап сусынға – ақ шұбатқа айналады. Бір түйенің нәрінен дастарқанға қаншама жеңсік ас, шипалы дәм қойылады десеңізші! Күні кешеге дейін тұтынатын азық-түлігінің тоқсан пайызын сырттан тасымалдап келген елде заманнан заман озса да қадірі қашпай, бәсі кемімей келе жатқандығының басты сырын да түйенің еті мен жүнін былай қойғанда жалғыз сүтінің қоректік қасиетінің сан алуандығынан іздеген жөн.