🗊Презентация Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері

Нажмите для полного просмотра!
Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №1Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №2Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №3Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №4Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №5Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері, слайд №6

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері. Доклад-сообщение содержит 6 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері
Описание слайда:
Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері

Слайд 2






Жиынтық сұраныс қисығы
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады:
Y = C + I + G + NX
Мұндағы, 
Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
G – мемлекеттік шығындар; 
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз.
Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. 
Описание слайда:
Жиынтық сұраныс қисығы Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады: Y = C + I + G + NX Мұндағы,  Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі; C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары; I – фирмалардың инвестициялық шығындары; G – мемлекеттік шығындар;  NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы. Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз. Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. 

Слайд 3






P - баға деңгейі
AD – жиынтық сұраныс
AS – жиынтық ұсыныс
Y – жиынтық өнім көлемі
Описание слайда:
P - баға деңгейі AD – жиынтық сұраныс AS – жиынтық ұсыныс Y – жиынтық өнім көлемі

Слайд 4






Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады:
1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады.
4.  Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.
Описание слайда:
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады: 1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады. 2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады. 3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады. 4.  Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.

Слайд 5






Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан. Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін талдауды қарастырамыз. 
Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне  тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді.
Описание слайда:
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан. Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін талдауды қарастырамыз.  Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады. Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне  тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді.

Слайд 6






Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды.
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады. 
Описание слайда:
Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды. Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады. 



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию