Описание слайда:
1-суретте С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының жіктеуі келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген. 1-суретте С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының жіктеуі келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген. С. Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы – бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық: шетелдік валюта (ақшалай белгілер – банкноттар, қазы¬нашылық билеттер, заңды төлем құралдары болып табы¬латын немесе алынатын, бірақ айырбас¬тауға жататын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірлік¬теріндегі шоттардағы құрал); бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облига¬циялар) және басқа да қарыздық міндеттемелер; бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладия, ири¬дия, родия, рутения, осмия) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир, александрия, меруерт). Банктер, биржалар, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар валюта нарығының субъектілері ретінде болады. Алтын нарығы – бұл елдің алтын қорын толтыру және жи¬нау мақсаттарында, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнер¬кәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.