Описание слайда:
Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай “Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады”. Қазақы қоғамдық пікірге қарап отырсақ, дәстүршілдерге «келін» сөзі - киелі, бұл қозғауға болмайтын жабық тақырып сияқты. Олардың ойынша, Үндістанның «жылаңқы» «Келін» сериалы да қазақ менталитетіне жаман әсер беріп жатыр. Солай дей тұра, бұл сериалды бәрі көреді, рейтингі жоғары. Ермек Тұрсыновтың «Келінін» де әлем жұртшылығы қызыға көріп, жоғары баға берді. Адамзат пәлсапасының тереңіне сүңгіген классикалық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылып, үздік фильмдердің алғашқы бестігіне енген. Бірақ, әлемдік деңгейдегі мамандар мойындаған фильмді қазақ қоғамы қабылдамақ түгілі, «Келінді» көрсетуге тиым салуды сұрады. Міне, енді Нұртас Адамбаевтың 300 мың долларға ғана түсіріліп, кинотеатрларда көрсетіле бастаған алғашқы 3-4 күнде 120 миллион теңгеге жуық ақша жинап, көрерменнің көзайымы болған, жеңіл әрі жағымды әсіл-оспаққа құрылған, отбасымен бірге отырып көре алатын көңілді фильмін жан-жақтан итше талап жатыр. Дәстүршілдердің ешқандай рационалды түсінікке сымайтын жөнсіз сыны мен мініне қарап отырып, ойымызға еріксіз француз комедиялары түседі. Ол фильмдерде көбіне француздардың менталитеті, ұлттық ерекшеліктері сыналып-мінеліп, күлкілі комедияға ұшырап жатады. Бірақ, «мына фильм француз әйелдерін масқаралады, шенеуніктер мен полицияны келеке қылды, ұлттық намысымызға тиді» деп тызылдап ашуланып, «мына киноға тиым салу керек» деген сыңайдағы мәселе көтеріп жатқан француздардың байбаламын естімеппіз. Ал қазақтар, дәлірек айтсақ, дәстүршіл қазақтар болмашыға ашу шақырып, қызылкөзденіп, бақсыша арқаланып кетеді.