Описание слайда:
Мысалы, гипоксия, гипертензия терминдерін қалай қазақша дыбыстау керек, осы сөздің құрамындағы «и» әрпінің дыбысталуы қазақ тілінің заңдылығына сай екі түрлі дыбыстала алады: а) «и» [ый], қазақ тілі фонетика оқулықтарында бұл мына сөздердің құрамында келеді, тиын [тыйын], қиын [қыйын]; ә) «и» [ій], мысалы тиін [тійін], киін [кійін] Мысалы, гипоксия, гипертензия терминдерін қалай қазақша дыбыстау керек, осы сөздің құрамындағы «и» әрпінің дыбысталуы қазақ тілінің заңдылығына сай екі түрлі дыбыстала алады: а) «и» [ый], қазақ тілі фонетика оқулықтарында бұл мына сөздердің құрамында келеді, тиын [тыйын], қиын [қыйын]; ә) «и» [ій], мысалы тиін [тійін], киін [кійін] Оның үстіне қазақ тілінде к, г тек жіңішке дауысты дыбыстармен (көз, гүл), қ,ғ жуан дауысты дыбыстармен (қас, қағаз) келеді. Осы ережелерге сүйенсек, жоғарыдағы тер- миндер құрамында келетін осы дыбыстардың қайсысының таңбасы дұрыс? [гійпөгсійә] ма, [ғыйпоқсыйа] ма? Бұл қиындықтарды болдырмаудың бірден-бір жолы, біздіңше, оларға дәл аударма табу не сол күйінде пайдалану. Медицина терминдерінің қалыптасуында терминжасамның барлық тәсілдері қолданылады. Дегенмен, жалпыхалықтық тілдің сөздің құрамында көпмағыналылық, си-нонимдес атаулар көп, олар термин таңдауда өз ықпалын тигізіп отырады. Мысалы, туберкулез атауының қазақ тіліндегі баламасы, жалпыхалықтық тілде көкірек ауру, құрт ауру, көксау, өкпе ауруы, көкірек бұзылуы, көкірек кұрты болса, радикулит – бел ауруы, кұяң, шойырылма, зуд – ашу, қышыма, қышып дуылдау, т.б. Осы мысалдың өзі қазақ тілінің сөздік қоры медицина тілін қазақшалауға толық мүмкіндік бере алатындығын көрсетеді. Тек оны өз мағынасында, ғылыми мәнге ие болатындай мүмкіндік беретін тілдік ортаға бейімдеу керек. Термин ретінде бекітіп, қолданысқа енгізу керек.