🗊Презентация Қазтуған жырау

Категория: Литература
Нажмите для полного просмотра!
Қазтуған жырау, слайд №1Қазтуған жырау, слайд №2Қазтуған жырау, слайд №3Қазтуған жырау, слайд №4Қазтуған жырау, слайд №5Қазтуған жырау, слайд №6Қазтуған жырау, слайд №7Қазтуған жырау, слайд №8Қазтуған жырау, слайд №9

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Қазтуған жырау. Доклад-сообщение содержит 9 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





Қазтуған жырау
Описание слайда:
Қазтуған жырау

Слайд 2





Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Описание слайда:
Қазтуған жырау Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.

Слайд 3


Қазтуған жырау, слайд №3
Описание слайда:

Слайд 4





Қазтуған Сүйінішұлы
   Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.   Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабар­дин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.
Описание слайда:
Қазтуған Сүйінішұлы Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабар­дин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

Слайд 5





Шығармашылық өмірі 
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
        Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.
Описание слайда:
Шығармашылық өмірі Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.

Слайд 6






 Ақын 5 жолды өлең шумағын жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:


Жабағалы жас тайлақ,
    Жардай атан болған жер.
    Жатып қалған бір тоқты
    Жайылып мың қой болған жер.
    Жарлысы мен байы тең,
    Жабысы мен тайы тең,
    Жары менен сайы тең.
Описание слайда:
Ақын 5 жолды өлең шумағын жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай: Жабағалы жас тайлақ, Жардай атан болған жер. Жатып қалған бір тоқты Жайылып мың қой болған жер. Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең.

Слайд 7


Қазтуған жырау, слайд №7
Описание слайда:

Слайд 8







Мадақ жыры


Бұдырайған екі шекелі, 
Мұздай үлкен көбелі, 
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, 
Адырнасы шайы жібек окқа кірісті,
 Айдаса – қойдың көсемі, 
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, 
Ұстаса -қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы, 
Билер атты би соңы, 
Би ұлының кенжесі, 
Буыршынның бұта шайнар азуы,
 Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
 Бұлұт болған айды ашқан, 
Мұнар болған күнді ашқан, 
Мұсылман мен кәуірдің
 Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Описание слайда:
Мадақ жыры Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шайы жібек окқа кірісті, Айдаса – қойдың көсемі, Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, Ұстаса -қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер атты би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Слайд 9


Қазтуған жырау, слайд №9
Описание слайда:



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию