Описание слайда:
Топырақ ластануының табиғи және антропогендік факторлары.
Топырақ ластануының табиғи және антропогендік факторлары.
Топырақты ластайтын факторлар физикалық, химиялық және биологиялық болады. Ластаушы заттар топыраққа әртүрлі жолдар арқылы түседі: табиғи (табиғи ластану) және жасанды (адам қызметі әсерімен).
Табиғи физикалық фактор иондаушы сәулеленудің табиғи көздері (уран, торий, радий) арқылы сипатталады. Қоршаған ортаның нысандарының, әсіресе топырақтың радиациялық ластануының жиынтық дозасына негізінен алғанда табиғи көздер үлес қосады.
Топырақ құрамына крнемний, алюминий, магний, азот, темір, натрий, калий, фосфор, күкірт, молибден, мыс, йод, бор, фтор, қорғасын, алтын, күміс және басқа да Менделеевтің периодикалық химиялық элементтер жүйесінің элементтері кіреді.
Топырақтағы химиялық элементтердің басым көпшілігі тотыққан түрінде кездеседі. Топырақта көмір, күкірт, фосфор қышқылдарының және басқа қышқылдардың әртүрлі тұздары бар. Сортаң топырақтарда кальций, магний, натрий, хлоридтер және сульфаттар көбірек кездеседі.
Топырақтың гумустық қабатында белоктар, көмірсулар, органикалық қышқылдар майлар және де көміртек, сутегі, оттегі, азот, фосфор, кальций, күкірт және басқа химиялық заттар, соның ішінде металдар болады.