Описание слайда:
Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Оның жұмысында ұсақ-түйек болмайды. Себебі, оның жұмысы адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты мамандық. Түптеп келгенде, оның қолында адам өмірі, болашақ тағдыры тұр. Алдыңа үміт артып келген адамның көңілінен шығу, сенімін ақтау үлкен жетістік. Ендеше, көпшілік арасында білгір маман ретінде бағаланып, абыройға бөлену – әрбір дәрігердің басты мақсаты болғаны мақұл. Ол үшін ерінбей көп оқып-ізденіп,этика мен деонтологияны сақтап, жалықпай үйреніп, білгенін көңілге тоқып, мол тәжірибе жиғаны ләзім. Сонда ғана ол жақсы маман, абзал дәрігер болады. Дәрігер қазіргі зиялы қауымның алдыңғы толқынында болып, өзінің жоғары қабілетімен, мәдениетімен, ақжарқын мінезімен ерекшеленіп тұрғаны қандай ғанибет! Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Оның жұмысында ұсақ-түйек болмайды. Себебі, оның жұмысы адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты мамандық. Түптеп келгенде, оның қолында адам өмірі, болашақ тағдыры тұр. Алдыңа үміт артып келген адамның көңілінен шығу, сенімін ақтау үлкен жетістік. Ендеше, көпшілік арасында білгір маман ретінде бағаланып, абыройға бөлену – әрбір дәрігердің басты мақсаты болғаны мақұл. Ол үшін ерінбей көп оқып-ізденіп,этика мен деонтологияны сақтап, жалықпай үйреніп, білгенін көңілге тоқып, мол тәжірибе жиғаны ләзім. Сонда ғана ол жақсы маман, абзал дәрігер болады. Дәрігер қазіргі зиялы қауымның алдыңғы толқынында болып, өзінің жоғары қабілетімен, мәдениетімен, ақжарқын мінезімен ерекшеленіп тұрғаны қандай ғанибет!