Описание слайда:
Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру 1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту; 2) аурулардың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасына тәсiлдердi жетiлдiру, скринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру; 3) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру; 4) егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру. Нәтижелер көрсеткiштерi: нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейiн (2009 ж. - 36,9) төмендеуi; ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға щаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн (2009 ж. - 29,2) төмендеуi; мүгедектiкке бiрiншi рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейiн, 2015 жылға қарай 28-ге дейiн (2009 ж. - 29,4) төмендеуi; қанайналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейiн (2009 ж. - 416,4) төмендеуi; онкопатологиядан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейiн, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейiн (2009 ж. - 112,7) төмендеуi; туберкулезден өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейiн, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейiн (2009 ж. - 12,9) төмендеуi; жарақаттанушылықтан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 94,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейiн (2009 ж. - 108,4) төмендеуi; 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегiнде ұстау.