Описание слайда:
Г. М. Илькунның тәжірибесінде ақ қараған вегетация кезеңінде 1 кг құрғақ жапырағына шаққанда 69 г, кәдімгі шегіршін 39 г, сүйрік жапырақты жиде 87 г, қара терек 57 г, (SO2) күкіртті газдарды жұтатыны көрсетілген [3]. SO2 өсімдіктің жер бетіндегі бөлігімен тамыр жүйелеріне қарай жылжиды. Одан әрі күкірттің қосылысы топыраққа өтеді. Осылайша өсімдік құрамындағы күкіртті қажетті шамада сақтап, ал уыттың мөлшерін топыраққа бөліп шығарып отырады. Жасыл желек атмосферадан күкіртті газдан басқа фенол, хлор, эфир, фтор ароматты көмір сутектері тәрізді әртүрлі заттарды бойына сіңіреді. Газжұтқыштық қасиеттері жоғары ағаш түрлеріне канада терегі мен пирамида тәрізді теректер, шетен жапырақты үйеңкі, сүйрік жапырақты жиде, майда жапырақты жөке, ақ тұт, кәдімгі бирючина, қан қызыл долана жатады.