🗊Презентация Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру

Нажмите для полного просмотра!
Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №1Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №2Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №3Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №4Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №5Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №6Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №7Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №8Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №9Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №10Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №11Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №12Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №13Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №14Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №15Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №16Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру, слайд №17

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру. Доклад-сообщение содержит 17 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





         СӨЖ
Тақырыбы:Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру
Описание слайда:
СӨЖ Тақырыбы:Дамыған және дамушы елдердегі медициналық сақтандыру

Слайд 2





                                Жоспар 
І.Кіріспе
1.Медициналық сақтандыру туралы жалпы түсінік
2.Медициналық сақтандыру түрлері
II.Негізгі бөлім
1.Дамыған елдердегі медициналық сақтандыру(Франция,Германия)
2.Дамушы елдердегі медициналық сақтандыру(Израиль,Қазақстан)
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Описание слайда:
Жоспар І.Кіріспе 1.Медициналық сақтандыру туралы жалпы түсінік 2.Медициналық сақтандыру түрлері II.Негізгі бөлім 1.Дамыған елдердегі медициналық сақтандыру(Франция,Германия) 2.Дамушы елдердегі медициналық сақтандыру(Израиль,Қазақстан) III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3





Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. . Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді.
Описание слайда:
Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. . Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді.

Слайд 4





Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.
Описание слайда:
Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.

Слайд 5





Дамыған мемлекеттердің көпшілігі денсаулық сақтау саласында міндетті сақтандыру жүйесін қолданады. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, міндетті медициналық сақтандырудың жақсы жақтары көп байқалады. Дамыған мемлкеттердің барлығында дерлік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100% -ға дейін қамтиды. Демек, бұл жүйе жалдамалы жұмысшыларды, зейнеткерлерді, студенттерді, шағын кәсіпкерлерді қамтиды. Халықтың қалталы бөлігі ғана сақтандыруға емес, өз қаражатына емделеді.
Дамыған мемлекеттердің көпшілігі денсаулық сақтау саласында міндетті сақтандыру жүйесін қолданады. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, міндетті медициналық сақтандырудың жақсы жақтары көп байқалады. Дамыған мемлкеттердің барлығында дерлік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100% -ға дейін қамтиды. Демек, бұл жүйе жалдамалы жұмысшыларды, зейнеткерлерді, студенттерді, шағын кәсіпкерлерді қамтиды. Халықтың қалталы бөлігі ғана сақтандыруға емес, өз қаражатына емделеді.
Описание слайда:
Дамыған мемлекеттердің көпшілігі денсаулық сақтау саласында міндетті сақтандыру жүйесін қолданады. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, міндетті медициналық сақтандырудың жақсы жақтары көп байқалады. Дамыған мемлкеттердің барлығында дерлік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100% -ға дейін қамтиды. Демек, бұл жүйе жалдамалы жұмысшыларды, зейнеткерлерді, студенттерді, шағын кәсіпкерлерді қамтиды. Халықтың қалталы бөлігі ғана сақтандыруға емес, өз қаражатына емделеді. Дамыған мемлекеттердің көпшілігі денсаулық сақтау саласында міндетті сақтандыру жүйесін қолданады. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, міндетті медициналық сақтандырудың жақсы жақтары көп байқалады. Дамыған мемлкеттердің барлығында дерлік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100% -ға дейін қамтиды. Демек, бұл жүйе жалдамалы жұмысшыларды, зейнеткерлерді, студенттерді, шағын кәсіпкерлерді қамтиды. Халықтың қалталы бөлігі ғана сақтандыруға емес, өз қаражатына емделеді.

Слайд 6





Германиядағы медициналық сақтандыру
Описание слайда:
Германиядағы медициналық сақтандыру

Слайд 7





Франциядағы медициналық сақтандыру
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік деп Францияны атады. Міндетті медициналық сақтандырудың француздық моделі әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі тиімді интеграциямен сипатталады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жиырмадан астам сақтандыру түрлері бар, оның ішінде медициналық –ауыру жағдайында, уақытша жұмысқа жарамсыздық, жазатайым оқиға, жүктілік және босану жағдайында қарастырылады. Францияда заңнама бойынша сақтандырудың біріңғай тәртібі белгіленген. Француз халқының 80% міндетті сақтандырумен қамтылған.
Описание слайда:
Франциядағы медициналық сақтандыру Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік деп Францияны атады. Міндетті медициналық сақтандырудың француздық моделі әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі тиімді интеграциямен сипатталады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жиырмадан астам сақтандыру түрлері бар, оның ішінде медициналық –ауыру жағдайында, уақытша жұмысқа жарамсыздық, жазатайым оқиға, жүктілік және босану жағдайында қарастырылады. Францияда заңнама бойынша сақтандырудың біріңғай тәртібі белгіленген. Француз халқының 80% міндетті сақтандырумен қамтылған.

Слайд 8





Франциядағы медициналық сақтандыру
Құрамына 90 сақтандыру компаниясы кіретін сақтандыру жүйесі ортақ ұлттық ұйыммен қадағаланады. Әлеуметтік сақтандыру қорлары ұлттық деңгейде құрылып, денсаулықты сақтандыру бағдарламаларын міндетті қаржыландыру жүзеге асырады. Қаржы сақтандыру салықтары арқылы толтырылады, бұл қор көлемінің 90% құрайды
Описание слайда:
Франциядағы медициналық сақтандыру Құрамына 90 сақтандыру компаниясы кіретін сақтандыру жүйесі ортақ ұлттық ұйыммен қадағаланады. Әлеуметтік сақтандыру қорлары ұлттық деңгейде құрылып, денсаулықты сақтандыру бағдарламаларын міндетті қаржыландыру жүзеге асырады. Қаржы сақтандыру салықтары арқылы толтырылады, бұл қор көлемінің 90% құрайды

Слайд 9





Израильдегі медициналық сақтандыру
Израиль денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және әлеуметтік медицинаның үйлесімдігі арқасында дамыды. Ауруханалық кассалар арқылы халық өзінің міндетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілетініне сенімді. Сақтандыру салымы халықтан денсаулық сақтау саласына төленетін салық түрінде алынады. Израильде денсаулықты сақтандыруды мемлекеттік заң жұмыс істейді. Бұл заң бойынша денсаулығын сақтандыру әр бір азамат үшін міндетті іс, мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет тұрғындардың барлығына медициналық көмек алуына кепілдік береді.
Описание слайда:
Израильдегі медициналық сақтандыру Израиль денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және әлеуметтік медицинаның үйлесімдігі арқасында дамыды. Ауруханалық кассалар арқылы халық өзінің міндетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілетініне сенімді. Сақтандыру салымы халықтан денсаулық сақтау саласына төленетін салық түрінде алынады. Израильде денсаулықты сақтандыруды мемлекеттік заң жұмыс істейді. Бұл заң бойынша денсаулығын сақтандыру әр бір азамат үшін міндетті іс, мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет тұрғындардың барлығына медициналық көмек алуына кепілдік береді.

Слайд 10





Израильдегі медициналық сақтандыру
Израильде медициналық қызмет ұсынатын негізгі 4 ауруханалық касса жұмыс істейді. Әр адам кассаны өз қалауымен таңдауға құқылы. Емделуші емдеу процесіне өзі қатысады, яғни, емдеу және диагностика кезеңдердің барлығынан алдын ала хабардар. Медициналық сақтандыру жүйесінде «денсаулық қоржыны» бар. «Денсаулық қоржыны» емделушіге ұсынылатын міндетті медициналық қызметтер жиынтығын құрайды. Ұсынылатын медициналық қызметтер тізімі медицинаның дамуы, жаңа технологиялардың пайда болуына қарай үнемі жаңарып отырады. Егер науқас «денсаулық қоржын» тізімінде жоқ медициналық қызмет алғысы келсе, ол сол қызмет үшін қосымша ақша төлейді. «Денсаулық қоржынына» терапевт және тар шеңберлі мамандар кеңесі, диагностикалық және зертханалық зерттеулер кіреді. Израильде дәрігерді үйге шақыру деген жоқ. Егер науқас ауыр халде болса бірден жедел жәрдем келеді. Израильдегі жедел жәрдем «Амбуланс» (Ambulance) қызметімен ұсынылған.
Описание слайда:
Израильдегі медициналық сақтандыру Израильде медициналық қызмет ұсынатын негізгі 4 ауруханалық касса жұмыс істейді. Әр адам кассаны өз қалауымен таңдауға құқылы. Емделуші емдеу процесіне өзі қатысады, яғни, емдеу және диагностика кезеңдердің барлығынан алдын ала хабардар. Медициналық сақтандыру жүйесінде «денсаулық қоржыны» бар. «Денсаулық қоржыны» емделушіге ұсынылатын міндетті медициналық қызметтер жиынтығын құрайды. Ұсынылатын медициналық қызметтер тізімі медицинаның дамуы, жаңа технологиялардың пайда болуына қарай үнемі жаңарып отырады. Егер науқас «денсаулық қоржын» тізімінде жоқ медициналық қызмет алғысы келсе, ол сол қызмет үшін қосымша ақша төлейді. «Денсаулық қоржынына» терапевт және тар шеңберлі мамандар кеңесі, диагностикалық және зертханалық зерттеулер кіреді. Израильде дәрігерді үйге шақыру деген жоқ. Егер науқас ауыр халде болса бірден жедел жәрдем келеді. Израильдегі жедел жәрдем «Амбуланс» (Ambulance) қызметімен ұсынылған.

Слайд 11





Израильдегі медициналық сақтандыру
Сақтандырылған науқас алғашқы жедел жәрдемді, дәрілерді және қажетті диагностикалық зерттеуді тегін алады. Кейін науқасты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді. Егер нау-қасты емдейтін дәрігері немесе жедел жәрдем дәрігері жіберсе ол стационарлық емді тегін алуға міндетті. Израиль азаматтарын толғандыратын негізгі мәселелердің бірі –емдеу жеделдігі. Медициналық көмекке жұмсалатын қаржының үлкен бөлігін мемлкет жапқанымен, кейбіреулер өз қалтасынан төлейтіндер де аз емес. Тез арада, жедел түрде емдеу Израильде қымбат. Әрине, ол қаржы ақталады. Дәрігерлер біліктілігі өте жоғары, жабдықтар мен дәрілік препараттар заман талабына сай
Описание слайда:
Израильдегі медициналық сақтандыру Сақтандырылған науқас алғашқы жедел жәрдемді, дәрілерді және қажетті диагностикалық зерттеуді тегін алады. Кейін науқасты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді. Егер нау-қасты емдейтін дәрігері немесе жедел жәрдем дәрігері жіберсе ол стационарлық емді тегін алуға міндетті. Израиль азаматтарын толғандыратын негізгі мәселелердің бірі –емдеу жеделдігі. Медициналық көмекке жұмсалатын қаржының үлкен бөлігін мемлкет жапқанымен, кейбіреулер өз қалтасынан төлейтіндер де аз емес. Тез арада, жедел түрде емдеу Израильде қымбат. Әрине, ол қаржы ақталады. Дәрігерлер біліктілігі өте жоғары, жабдықтар мен дәрілік препараттар заман талабына сай

Слайд 12





Израильдегі медициналық сақтандыру
Кейбір ота түрлері сақтандырылған науқас үшін де қымбат келеді. Денсаулығын сақтандырғандар дәрігер жазып берген дәрілерді үлкен жеңілдікпен алады. Қосымша төлем берсе, денсаулығын сақтандырған науқас қосымша медициналық көмек алады: ағза мүшесі мен тін трансплантациясын, шетелде емделу және ота жасау, стоматологиялық емді жеңілдікпен алу сияқты. Ал балалар үшін Израильде туылған сәттен бастап медициналық көмек тегін болады. Бұл шаралар денсаулық сақтау министірлігімен бекітіледі.
Описание слайда:
Израильдегі медициналық сақтандыру Кейбір ота түрлері сақтандырылған науқас үшін де қымбат келеді. Денсаулығын сақтандырғандар дәрігер жазып берген дәрілерді үлкен жеңілдікпен алады. Қосымша төлем берсе, денсаулығын сақтандырған науқас қосымша медициналық көмек алады: ағза мүшесі мен тін трансплантациясын, шетелде емделу және ота жасау, стоматологиялық емді жеңілдікпен алу сияқты. Ал балалар үшін Израильде туылған сәттен бастап медициналық көмек тегін болады. Бұл шаралар денсаулық сақтау министірлігімен бекітіледі.

Слайд 13





Қазақстандағы медициналық сақтандыру деңгейі
Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жолдары да қарастырылып, осы мақсатта (ФОМС) Міндетті медициналық сақтандыру фонды құрылған. Алайда фондтың басшысы өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын жымқырып,шетел асып кеткені белгілі. Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық сақтандырусыз қалады. Әрине, осындай жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен қарауын түсінуге болады.
 «Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады» деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Медициналық тұрғыда міндетті сақтандыру еліміздің ешбір заңнамасында қарастырылмаған. Түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндер жан-жақтан көмек іздеп, халыққа алақан жаюға мәжбүр болып отыр. Шетелдерде ота жасалу тікелей мемлекеттік квота арқылы жүргізіледі. Квоталар сырқат балалардың біріне бұйырса, енді біріне жете бермейді. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жасы 14-тен асқан балалардың түрлі ауруға шалдығуы артып барады. Мәселен, дәл осы жастағы 100 мың баланың аурудың негізгі түрлеріне шалдығуы 2003 жылы 87,6 %-ға ұлғайса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 103,6%-ға артқан. Ауыр сырқатқа шалдыққан кей бүлдіршіндерге дәрі алу мәселесі қиындық тудырады.
Описание слайда:
Қазақстандағы медициналық сақтандыру деңгейі Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру жолдары да қарастырылып, осы мақсатта (ФОМС) Міндетті медициналық сақтандыру фонды құрылған. Алайда фондтың басшысы өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын жымқырып,шетел асып кеткені белгілі. Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық сақтандырусыз қалады. Әрине, осындай жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен қарауын түсінуге болады. «Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады» деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Медициналық тұрғыда міндетті сақтандыру еліміздің ешбір заңнамасында қарастырылмаған. Түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндер жан-жақтан көмек іздеп, халыққа алақан жаюға мәжбүр болып отыр. Шетелдерде ота жасалу тікелей мемлекеттік квота арқылы жүргізіледі. Квоталар сырқат балалардың біріне бұйырса, енді біріне жете бермейді. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жасы 14-тен асқан балалардың түрлі ауруға шалдығуы артып барады. Мәселен, дәл осы жастағы 100 мың баланың аурудың негізгі түрлеріне шалдығуы 2003 жылы 87,6 %-ға ұлғайса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 103,6%-ға артқан. Ауыр сырқатқа шалдыққан кей бүлдіршіндерге дәрі алу мәселесі қиындық тудырады.

Слайд 14





Қазақстандағы ерікті медициналық сақтандыру деңгейі
Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медицинаалық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады
Описание слайда:
Қазақстандағы ерікті медициналық сақтандыру деңгейі Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медицинаалық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы Сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады

Слайд 15





Ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді
Ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді
Описание слайда:
Ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді Ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) дамыту Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың бірі болып табылады. Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді

Слайд 16





Қорытынды
Медициналық сақтандырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласынды нарықтық қатынас тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады
Описание слайда:
Қорытынды Медициналық сақтандырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласынды нарықтық қатынас тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады

Слайд 17





Пайдаланылған әдебиеттер
Описание слайда:
Пайдаланылған әдебиеттер



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию