Описание слайда:
1-Тапсырма
1-Тапсырма
Текстегі грамматикалық сөздерді теріп жазыңыздар. Олардың лексикалық мағына беретін бөлігі мен грамматикалық мағына беретін бөлігінінң арасындағы байланысты түсіндіріп, қандай грамматикалық мағына үстелеп тұрғанын мына үлгі бойынша жазыңыздар.
Үлгі: Қазақ- жалқылық (атаулық), халқының- иелік, ауыз әдебиетінде- мекен, сыр мен сымбаты- иелік, келіскен- қимыл-сындық, жүрек толықтырарлық- сындық, бейнелер- жалпылылық (заттық), жасалынған ғой- қимылдық.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде сыр мен сымбаты келіскен жүрек толықтырарлық бейнелер жасалынған ғой. Соның ішінде бекзат болмысымен ерекше елеулісі, көңілге де, көзге де көрікті, қиялды қозғап, ойды оятарлық сүйкімдісі- әйел образы. Әрине, осынау тұтас жалпы айтылған “әйел образы” деген ұғымды жіктеп, жүйелеп, бөлшектеп айтар болсақ, онда жс ерекшелігіне, өмірдің қай баспалдағына екендігіне орай бірнеше түрлерге бөліп, бірнеше атаулармен атауға болады. Мәселен, қыз. Қарындас, жар, келіншек, ана, бәйбіші т.с..с. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері, көркемдік кестесі мен мәнері, суреттегіш, бейнелегіш құралдары болатынын айту керек.
Әлимсақтан бері, аңыз-әңгімелер мен хикая-әңгімелерде, халық жырлары мен лиро-эпостық шығармаларында әйел образы терең, таза сезіммен, ынтызарлықпен жырланып келеді.