Описание слайда:
Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.
Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.
Шығу себептеріне байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: табиғат зілзалалары, техногендік апаттар, антропогендік және экологиялқ апаттар (бұлардың бәрі бейбіт кездегі ТЖ) және әлеуметтік – саяси соқтығыстар.
Табиғат зілзалалары дегеніміз бұл төтеншелік ерекшеліктері бар, халықтың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Техногендік апаттар деп өндірістік процестердің күрделі бұзылуына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына, үлкен аймақтардың радиоактивтік, химиялық немесе биологиялық залалдануына, көп адам өмірінің зақымдануына (өлімге ұшырауына) апаратын машиналардың, механизмдердің және агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде кенет істен шығып қалуын айтады.
Антропогендік және экологиялық апаттар деп адамдардың шаруашылық тіршілігінен туындаған антропогендік фактордардың әсерінен биосфера сапасының өзгеріп, адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, қоршаған ортаға тұтастай кері әсерін тигізуін айтады.
Әлеуметтік-саяси соқтығыстар деп- бұл мемлекеттер арасындағы қайшылықты ең ауыр жолмен (осы заманғы қаруларды қолдана отырып) шешудің түрін айтады.
Таралу жылдамдығына байланысты ТЖ мынадай түрге бөлінеді: кенет болатын ТЖ (жер сілкінісі, жарылыс), екпінді ТЖ (өрт, улы заттардың асып төгілуі), бір қалыпты ТЖ (су тасқыны, вулканның атқылауы), созылыңқы ТЖ (қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы).