Описание слайда:
6. Меншікті салмақтың анықтамасы 6. Меншікті салмақтың анықтамасы Рим архитекторы Витрувий әртүрлі ғалымдардың өзін тәнті еткен жаңалықтары туралы мынадай оқиға айтқан: «Архимедке келетін болсақ, оның ашқан көптеген жаңалықтарының ішінде мен айтқалы отырғаны шексіз даналықпен жасалған сияқты. Сиракузыда билік құрып тұрған кезінде Гиерон өзініңбарлық істерін табысты аяқтағаннан кейін өзі бір храмға мәңгі құдайларға арнап алтын тәж сыйлаймын деп серт беріпті. Шебермен жақсы бағаға келісіп,керегінше салмақты алтын беріпті.Уағдаласқан күні шебер патшаға тапсырманы орындап, алдына әкеліпті. Патша тәжді таразыға салғанда оның салмағы өзі берген алтынның салмағындай екен. Бұдан кейін оған тәждің алтынының бір бөлігі күміспен алмастырылығаны туралы сыбыс жетіпті. Гиерон өзін алдағанға ашуланып, ұрының қулығын қалай ашарын білмей Архимедтен жақсылап ойлануын сұрапты. Осы сұрақ мазалап жүрген бір күні Архимед ваннаға түсіп жатып, өзі түскен ваннадан судың артылып төгіліп жатқанын көріп, өзінің ваннаға түскен денесінің көлеміне сай судың асып төгілгенін байқайды.бұл фактың өзі үшін қаншалықт маңызды екенін түсінген ол ваннадан қуанышпен қарғып тұрып, үйіне тыр жалаңаш күйінде жетіп, өзінің іздегенін тапқанын айтып айқай салыпты. Ол жүгіріп келе жатып, грек тілінде: «Эврика, эврика! (таптым, таптым!)»деп айғайлаған екен. Одан кейін, өзінің ашқан жаңалығына сүйене отырып, тәждің салмағы сай бірі алтыннан, екіншісі күмістен екі құйма жасапты. Ернеуіне дейін шүпілдетіп су құйылған ыдысқа күміс құйманы салғанда, әрине артық су төгіліп қалған. Құйманы алып қайтадан құятын суын секстаримен (0,547л) өлшеп, суды ернеуіне дейін құйған. Осылай ол күміс құйманың судың қандай мөлшеріне сәйкес келетін тапқан. Осылай алтынмен де тәжірибе жасап, төгілген судың секстантық(секстант – салмақтың 0,534 Н тең римдік өлшемі) аз мөлшерін тауып, алтынның қаншалықты аз болғанын есептеп шығарыпты. Одан кейін осы әдіспен тәждің көлемі анықталыпты. Ол суды алтын құймадан да көп ығыстырыпты, осылай ұрлық әшкере болыпты. Бұрыс формадағы дененің көлемін анықтауға әдісіне қатысты болғанына қармастан, осы әңгімені Архимед заңының ашылуымен байланыстырады. Мүмкін Витрувидің ванна, ұмытып тастап кеткен киім, «Эврика!» деп айғалауына қатысты бұл әңгімесі шындыққа үйлеспеуі де мүмкін, бірақ бізді оның ғылыми фактілері қызықтырады.Біріншіден, Витрувийдің суреттеуі бойынша Архимед өзінен талап еткеннен де артық әрекет еткені аңғарылады. Қоспа болғандығын анықтау үшін тәждің көлемін оған тең алтын салмағымен салыстырса жетер еді. Витрувий Архимедтің меншікті салмақты анықтау туралы басқа тапсырмасының анық қанығын білмеген сияқты. Оны мына сөз дәледейтін сияқты: « осыдан ол күмістің судың қандац мөлшеріне сәйкес келетінін тапты». міне осында меншікті салмақтың анықтамасы бар салмақтың көлемге немесе асып төгілген судың салмағына қатысы ( алтынның салмағын есептеген кезде судың салмағы туралы айтылады). Осылай, Архимед дененің меншікті салмағын оны сұйыққа салу арқылы анықтау әдісінің авторы болған.