Описание слайда:
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі.

Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді.
Балалар музыканы тыңдап, ән айтып, билейді, музыкалық ойындарға қатысып, балаларға арналған салтанатты әндерді орындау мен қатар үлкендермен бірге ән айтып, ойын – сауықтық шараларға, мерекелік Жаңа жыл, 8 – ші наурыз, Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні мейрамына арналған ертеңгіліктерге қатысады.
Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.