Описание слайда:
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ маңызы зор;
Адам – өмір бойы психологиялық көмекке зәру.
Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-ана балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата-ана бұған жеткілікті мән бермейді.
Жалпы, бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: біріншіден, баланың жігерін жасытатын үкімді сөздер айтпау (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың», т.б). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіндігі мәлім. Ал керісінше, баланы үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор. Екіншіден, баланың істеген әрекеттеріне теріс те зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айтпау. Мәселен, «сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың», т.б. деген сөздер баланың бүкіл жан-дүниесін ауыр жаралайды. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті, тіршіліктен де жиренері хақ. Сөйтіп, оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. Үшіншіден, басқа бір баламен салыстырмау керек. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіргендігіңізді байқамай да қаласыз. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен.