Описание слайда:
Этиологиясы мен патогенезі: негізгі этиологиялық факторларға өндірістік вибрация және қосымша кәсіптік зиянды заттар жатады: шу, суық өту, иық бұлшық еттерінің, иық белдеулерінің кернеулігі, дененің мәжбүрлі қалпы және т.б. Ауру тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің және жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуымен көрінеді. Жергілікті және жалпы вибрация нервті-рефлекторлы және нейрогуморалды жүйелердің механизмін бұзады. Вибрация күшті тітіркендіргіштердің әсерінен терідегі, нервтегі және нерв бағанындағы рецепторларға әсер етіп, симпатикалық нерв ұштарындағы норадреналин секрециясын күшейтеді. Норадреналиннің бір бөлігі қанға түсіп тамырлардың тонусын жоғарлатады, ол өз кезегінде қан қысымды жоғарлатады және ангиоспазмды тудырады. Вибрацияның әсерінен адамдарда Фатер-Пачини денешіктерінде, жүйке талшықтарында, жұлын нейрондарында, ретикулярлы формация бағанында, омыртқа аралық ганглиларда және симпатикалық шекаралық бағаналарда өзгерістер болады.

Қарап тексерген жағдайларда, әсіресе вибрацияға сезімтал афферентті иннервацияның төмендеуі байқалады, кейіннен түсу симптомдары және ауырсыну синдромдары пайда болады. Вегетативті аппаратта патологиялық өзгерістердің дамуына байланысты, тері, бұлшық ет, сүйек жүйелерінде дистрофиялық өзгерістер болады. Әсіресе, иық белдеуінің ірі буындарының рецепторлары зақымданып, ауырсынуларымен жүреді. Аурудың патогенезінде вибрациялық тітіркендіпгіштердің симпатоадренал жүйесіне әсерінің маңызы зор. Асқазан ішек жолдарының реттелуіне вегетативті бұзылыстар әсер етеді, ол асқазан ішек жолдарының дискинизиясына , кейіннен ауыр патологияға әкеледі.