Описание слайда:
12 жасынан бастап Абу-Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мұхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның тауарларын сатып, үлкен олжамен қайтқаны үшін, оның адалдығы үшін, Хадиджа Мұхаммедке тұрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мұхаммед 25 жаска, ал Хадиджа 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастық айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мұхаммедке 6 бала: екі ұл, төрт қыз туады. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мұхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадиджа Мұхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын досы болды. Мұхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мұхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен және сыйлағанынан, оның тірі кезінде басқа әйел алған жоқ.