🗊Презентация Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7

Нажмите для полного просмотра!
Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №1Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №2Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №3Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №4Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №5Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №6Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №7Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №8Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №9Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №10Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №11Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №12Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №13Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7, слайд №14

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы. Дәріс 7. Доклад-сообщение содержит 14 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





Дәріс 7


Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы
Описание слайда:
Дәріс 7 Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы

Слайд 2





 Кәсіпорын қорларының құрылымы. 


Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз үрдісті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу - сату жолымен ала отырып, өндіріс үрдісін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл үрдіс үнемі қайталанып отыратындықтан  кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.
Описание слайда:
Кәсіпорын қорларының құрылымы. Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз үрдісті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу - сату жолымен ала отырып, өндіріс үрдісін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл үрдіс үнемі қайталанып отыратындықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Слайд 3





 
Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында капитал бір формадан  екінші формаға айналады. Оны формула түрінде былай көрсетуге болады:
Формула 1 
Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Ол мынадай заңды сатылардан тұрады:
1-ші сатыда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс кұрал - жабдықтары сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша  алдын ала жұмсалады. 
І- саты	Формула 2
Описание слайда:
Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында капитал бір формадан екінші формаға айналады. Оны формула түрінде былай көрсетуге болады: Формула 1 Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Ол мынадай заңды сатылардан тұрады: 1-ші сатыда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс кұрал - жабдықтары сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша алдын ала жұмсалады. І- саты Формула 2

Слайд 4





 
2-ші сатыда өндіріс  құрал-жабдықтары  мен  жұмыс  күшін пайдаланып, тұтыну тауарын жасаумен аяқталады.
ІІ-  саты Формула 3
3 -ші сатыда өнімді өткізу жүзеге асады, яғни тауар ақшаға айналады.
ІІІ- саты          Т ' – А' 
Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс және айналыс үрдісін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді
Үздіксіз жаңарып отыратын үрдіс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, капиталдың айналымы деп аталады.
Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан тұрады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.
өндіріс уақыты – бұл шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік  қорларда болу уақыты: яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи үрдістердің әсер ету уақыты; еңбек үрдісіндегі үзілістер уақыты;
айналыс уақыты – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт.
Описание слайда:
2-ші сатыда өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін пайдаланып, тұтыну тауарын жасаумен аяқталады. ІІ- саты Формула 3 3 -ші сатыда өнімді өткізу жүзеге асады, яғни тауар ақшаға айналады. ІІІ- саты Т ' – А' Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс және айналыс үрдісін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді Үздіксіз жаңарып отыратын үрдіс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, капиталдың айналымы деп аталады. Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан тұрады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді. өндіріс уақыты – бұл шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік қорларда болу уақыты: яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи үрдістердің әсер ету уақыты; еңбек үрдісіндегі үзілістер уақыты; айналыс уақыты – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт.

Слайд 5





 
Капитал түрлері және  қосымша құн өндіру тәсілдері
«Капитал» ұғымына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» еңбегінде К.Маркс жүргізген. Маркс тұжырымдамасы бойынша капитал – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн. Және ол үнемі қозғалыста болады деген. Ол капиталға өндіріс құрал-жабдықтарын да, жұмыс күшін де, ақша сомасын да жатқызған. Бірақ, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары да, тіршілік заттары да өздігінен капитал бола алмайды. Оларды қосымша құн алу үшін қолданған кезде ғана, қанау құралы ретінде пайдаланған кезде ғана капиталға айналады.
Описание слайда:
Капитал түрлері және қосымша құн өндіру тәсілдері «Капитал» ұғымына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» еңбегінде К.Маркс жүргізген. Маркс тұжырымдамасы бойынша капитал – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн. Және ол үнемі қозғалыста болады деген. Ол капиталға өндіріс құрал-жабдықтарын да, жұмыс күшін де, ақша сомасын да жатқызған. Бірақ, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары да, тіршілік заттары да өздігінен капитал бола алмайды. Оларды қосымша құн алу үшін қолданған кезде ғана, қанау құралы ретінде пайдаланған кезде ғана капиталға айналады.

Слайд 6





 
Маркс капиталды құн және қосымша құн жасау үрдісіндегі олардың рөліне қарай тұрақты және өзгермелі капитал деп екіге бөледі.
Капиталдың өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек үрдісінде өзінің құнын өзгертпейтін бөлігін тұрақты капитал деп аталады. Тұрақты капитал «С» әрпімен белгіленеді. Тұрақты капиталға фабрика үйлерінің, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың құны және сонымен қатар шикізат, отын, көмекші материалдардың құны да жатады.
Ал, капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс үрдісінде өз құнын өзгертетін бөлігін өзгермелі капитал деп атайды. Оған жұмыс күшінің құны жатады. өзгермелі капитал «V» әрпімен белгіленеді.
Описание слайда:
Маркс капиталды құн және қосымша құн жасау үрдісіндегі олардың рөліне қарай тұрақты және өзгермелі капитал деп екіге бөледі. Капиталдың өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек үрдісінде өзінің құнын өзгертпейтін бөлігін тұрақты капитал деп аталады. Тұрақты капитал «С» әрпімен белгіленеді. Тұрақты капиталға фабрика үйлерінің, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың құны және сонымен қатар шикізат, отын, көмекші материалдардың құны да жатады. Ал, капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс үрдісінде өз құнын өзгертетін бөлігін өзгермелі капитал деп атайды. Оған жұмыс күшінің құны жатады. өзгермелі капитал «V» әрпімен белгіленеді.

Слайд 7





 
Еңбек үрдісінде жұмысшы өзгермелі капитал мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Демек қосымша құн өзгермелі капиталдың ғана жаған құны болып табылады. 
Жаңадан өндіріген құн v + m  формуласы арқылы көрінеді. 
Мұндағы m – қосымша құн,  v – жұмыс күшінің қайта өндірілген құны. 
Яғни, кәсіпорында өндірілген тауар құны 
W = c + v + m формуласымен анықталады.
Описание слайда:
Еңбек үрдісінде жұмысшы өзгермелі капитал мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Демек қосымша құн өзгермелі капиталдың ғана жаған құны болып табылады. Жаңадан өндіріген құн v + m формуласы арқылы көрінеді. Мұндағы m – қосымша құн, v – жұмыс күшінің қайта өндірілген құны. Яғни, кәсіпорында өндірілген тауар құны W = c + v + m формуласымен анықталады.

Слайд 8





 
Өндіріс үрдісіне толығымен қатысып, өзінің құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, өндіріс иесіне қайта оралатын элементтер негізгі капитал деп аталады. Негізгі капиталға өндірістік үйлерді, құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды және т.б. алуға жұмсалған капитал жатады. Ал, айналмалы капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Айналмалы капиталға өндіріс иесінің еңбек заттарын сатып алуға жұмсаған шығындары жатады. Еңбек заттары, шикізат, қосалқы материалдар отын және т.б. өндіріс үрдісінде түгелімен тұтынылады. Айналмалы капиталға жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған капитал да яғни, өзгермелі капитал да жатады
Описание слайда:
Өндіріс үрдісіне толығымен қатысып, өзінің құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, өндіріс иесіне қайта оралатын элементтер негізгі капитал деп аталады. Негізгі капиталға өндірістік үйлерді, құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды және т.б. алуға жұмсалған капитал жатады. Ал, айналмалы капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Айналмалы капиталға өндіріс иесінің еңбек заттарын сатып алуға жұмсаған шығындары жатады. Еңбек заттары, шикізат, қосалқы материалдар отын және т.б. өндіріс үрдісінде түгелімен тұтынылады. Айналмалы капиталға жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған капитал да яғни, өзгермелі капитал да жатады

Слайд 9





 
Капиталистің немесе өндіріс иесінің иемденетін қосымша құн көлемі – қосымша құнның абсолюттік мөлшері. Ал, қосымша құнның салыстырмалы мөлшері немесе  өзгермелі капиталдың өсу дәрежесі қосымша құнның өзгермелі капиталға қатынасымен 
m
V  анықталады. Пайыз түрінде көрсетілген бұл қатынасты Маркс қосымша құн нормасы деп атап m' деп белгіле
ген.  
 
m' = m× 100%						                      
     	   v
Описание слайда:
Капиталистің немесе өндіріс иесінің иемденетін қосымша құн көлемі – қосымша құнның абсолюттік мөлшері. Ал, қосымша құнның салыстырмалы мөлшері немесе өзгермелі капиталдың өсу дәрежесі қосымша құнның өзгермелі капиталға қатынасымен m V анықталады. Пайыз түрінде көрсетілген бұл қатынасты Маркс қосымша құн нормасы деп атап m' деп белгіле ген.   m' = m× 100% v

Слайд 10





 
Қосымша құн нормасы дегеніміз – жұмыс күшін капиталдың, яғни жұмысшыны капиталистің қанау дәрежесінің көрінісі.
Өндіріс үрдісінде өндіріс иесін қызықтыратын ең басты мәселе қосымша құн алу болып табылады. Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны.  Жұмыс күні екі бөліктен тұрады: қажетті жұмыс уақыты және қосымша жұмыс уақыты. Қажетті жұмыс уақытында жұмсалған еңбек қажетті еңбек деп аталады және жұмыс күшінің құны өндіріледі. Ал, қосымша жұмыс уақытында жұмсалған еңбек - қосымша еңбек деп аталады және ол қосымша құн өндіреді.
Описание слайда:
Қосымша құн нормасы дегеніміз – жұмыс күшін капиталдың, яғни жұмысшыны капиталистің қанау дәрежесінің көрінісі. Өндіріс үрдісінде өндіріс иесін қызықтыратын ең басты мәселе қосымша құн алу болып табылады. Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны. Жұмыс күні екі бөліктен тұрады: қажетті жұмыс уақыты және қосымша жұмыс уақыты. Қажетті жұмыс уақытында жұмсалған еңбек қажетті еңбек деп аталады және жұмыс күшінің құны өндіріледі. Ал, қосымша жұмыс уақытында жұмсалған еңбек - қосымша еңбек деп аталады және ол қосымша құн өндіреді.

Слайд 11








Қосымша құн өндірудің бірнеше әдісі бар:

Абсолюттік қосымша құн өндіру – жұмыс күнін абсолютті түрде ұзарту арқылы алынатын қосымша құн.
Салыстырмалы қосымша құн өндіру – қажетті жұмыс уақытын қысқартып, соған сәйкес, қосымша жұмыс уақытын арттыру арқылы алынатын қосымша құн.
Артық қосымша құн өндіру – кәсіпорында жаңа техниканың неғұрлым жетілген өндіріс әдістерін енгізу нәтижелерінде еңбек өнімділігін арттыру арқылы алынатын қосымша құн.
Описание слайда:
Қосымша құн өндірудің бірнеше әдісі бар: Абсолюттік қосымша құн өндіру – жұмыс күнін абсолютті түрде ұзарту арқылы алынатын қосымша құн. Салыстырмалы қосымша құн өндіру – қажетті жұмыс уақытын қысқартып, соған сәйкес, қосымша жұмыс уақытын арттыру арқылы алынатын қосымша құн. Артық қосымша құн өндіру – кәсіпорында жаңа техниканың неғұрлым жетілген өндіріс әдістерін енгізу нәтижелерінде еңбек өнімділігін арттыру арқылы алынатын қосымша құн.

Слайд 12





 
Негізгі капитал - көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және өндірісі үрдісіне түгелінен қатысып өз құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, иесіне зат түрінде қайта оралатын   өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар, құрылғылар, машиналар және көлік, т.б. жатады.
Негізгі капиталды пайдаланудың белгілі бір орташа уақыты болады, өйткені оны пайдалану үрдісінде ол материалдық және моральдық жағынан тозады.
Описание слайда:
Негізгі капитал - көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және өндірісі үрдісіне түгелінен қатысып өз құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, иесіне зат түрінде қайта оралатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар, құрылғылар, машиналар және көлік, т.б. жатады. Негізгі капиталды пайдаланудың белгілі бір орташа уақыты болады, өйткені оны пайдалану үрдісінде ол материалдық және моральдық жағынан тозады.

Слайд 13





 
Материалдық тозу - дегеніміз негізгі өндіріс құрал – жабдықтардың физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады. Негізгі капиталдың физикалық тозуымен қатар, оның құнсыздану нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең алдымен ҒТП-ң қарқынды дамуымен байланысты. Заттай және моральдық жағынан ескірген құралдарға кеткен шығындар амортизациялық аударымдар арқылы өтеліп отырады.
Описание слайда:
Материалдық тозу - дегеніміз негізгі өндіріс құрал – жабдықтардың физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады. Негізгі капиталдың физикалық тозуымен қатар, оның құнсыздану нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең алдымен ҒТП-ң қарқынды дамуымен байланысты. Заттай және моральдық жағынан ескірген құралдарға кеткен шығындар амортизациялық аударымдар арқылы өтеліп отырады.

Слайд 14





 
Амортизация - негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарынын өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі. Амортизациялық қор қаржылары ескірген құрал-жабдықтарды  алмастыруға, жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ, қосымша машина, станоктар және т.б. сатып алуға жұмсалады.
Описание слайда:
Амортизация - негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарынын өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі. Амортизациялық қор қаржылары ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға, жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ, қосымша машина, станоктар және т.б. сатып алуға жұмсалады.



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию