Описание слайда:
Теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған “Теңіздер хартиясы” аталатын БҰҰ Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін құрайтын экономикалық аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық шикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғылыми зерттеу мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүзілік Мұхит байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі саналады. Бұл оның планетадағы температураны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын қасиетіне байланысты. Мұхитты игеру минералдық, биологиялық, энергетикалық, көліктік, рекреакциялық, экологиялық, ғылыми-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ҰТР-ның табыстары Мұхиттағы мұнаймен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары энергиясын электр энергиясынаайналдыратын алып электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде (Франция, Норвегия, Ресей) Мұхит суының тасқынын пайдаланатын электр станциялары жұмыс істейді. Мұхит жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді.