🗊Презентация Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері

Категория: Математика
Нажмите для полного просмотра!
Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №1Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №2Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №3Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №4Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №5Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №6Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №7Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №8Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №9Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №10Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №11Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №12Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №13Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №14Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №15Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №16Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №17Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №18

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері. Доклад-сообщение содержит 18 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





Оқу мақсаты: 
11.3.2.4. параллель және перпендикуляр жазықтықтардың белгілері мен қасиеттерін біледі және қолданады;
Описание слайда:
Оқу мақсаты: 11.3.2.4. параллель және перпендикуляр жазықтықтардың белгілері мен қасиеттерін біледі және қолданады;

Слайд 2






Екі жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуларының екі жағдайы болуы мүмкін: 
1. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар. Сонда екі жазықтықтың қиылысуы аксиомасы бойынша олардың ортақ түзуі бар. Мұндай жазықтықтар қиылысушы деп аталады.
2. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі жоқ.
Описание слайда:
Екі жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуларының екі жағдайы болуы мүмкін: 1. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар. Сонда екі жазықтықтың қиылысуы аксиомасы бойынша олардың ортақ түзуі бар. Мұндай жазықтықтар қиылысушы деп аталады. 2. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі жоқ.

Слайд 3


Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №3
Описание слайда:

Слайд 4






Жазықтықтардың параллельдік белгілері.
1. Егер бір жазықтықтың қиылысатын екі түзуінің әрқайсысы басқа жазықтыққа параллель болса, онда бұл жазықтықтар параллель. 
2. Егер бір жазықтықта жатқан қиылысатын екі түзу екінші жазықтықта жатқан екі түзуге сәйкесінше параллель болса, онда ол екі жазықтық параллель болады.
Описание слайда:
Жазықтықтардың параллельдік белгілері. 1. Егер бір жазықтықтың қиылысатын екі түзуінің әрқайсысы басқа жазықтыққа параллель болса, онда бұл жазықтықтар параллель. 2. Егер бір жазықтықта жатқан қиылысатын екі түзу екінші жазықтықта жатқан екі түзуге сәйкесінше параллель болса, онда ол екі жазықтық параллель болады.

Слайд 5






Параллель жазықтықтардың қасиеттері. 
1. Егер параллель екі жазықтықты үшінші жазықтық қиятын болса, онда қиылысу түзулері параллель болады. 
2. Егер түзу параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 
3. Егер жазықтық параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 
4. Берілген жазықтықта жатпайтын нүкте арқылы оған параллель жазықтық жүргізуге болады және ол тек біреу ғана. 
5. Үшінші бір жазықтыққа параллель екі жазықтық өзара параллель. 
6. Параллель жазықтықтардың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады. 
7. Егер түзу екі параллель жазықтықтардың біріне перпендикуляр болса, онда ол екінші жазықтыққа да перпендикуляр болады.
Описание слайда:
Параллель жазықтықтардың қасиеттері. 1. Егер параллель екі жазықтықты үшінші жазықтық қиятын болса, онда қиылысу түзулері параллель болады. 2. Егер түзу параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 3. Егер жазықтық параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 4. Берілген жазықтықта жатпайтын нүкте арқылы оған параллель жазықтық жүргізуге болады және ол тек біреу ғана. 5. Үшінші бір жазықтыққа параллель екі жазықтық өзара параллель. 6. Параллель жазықтықтардың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады. 7. Егер түзу екі параллель жазықтықтардың біріне перпендикуляр болса, онда ол екінші жазықтыққа да перпендикуляр болады.

Слайд 6






Тапсырма 1. ABCDA1B1C1D1 кубында A1D1 қырының ортасы К нүктесі арқылы A1C1D жазықтығына параллель қима жүргізу керек.
Описание слайда:
Тапсырма 1. ABCDA1B1C1D1 кубында A1D1 қырының ортасы К нүктесі арқылы A1C1D жазықтығына параллель қима жүргізу керек.

Слайд 7






Тапсырма 2. РABCDE бесбұрышты пирамидасының ABCDE табанының ішкі М нүктесі арқылы РАВ жағына параллель өтетін α қимасын салыңыз.
Описание слайда:
Тапсырма 2. РABCDE бесбұрышты пирамидасының ABCDE табанының ішкі М нүктесі арқылы РАВ жағына параллель өтетін α қимасын салыңыз.

Слайд 8






А деңгейі. В нүктесі АЕС үшбұрыш жазықтығында жатпайды, М, К және Р нүктелері – сәйкесінше АВ, ВС және ВЕ кесінділерінің орталары. 
а) МКР және АЕС жазықтықтары параллель екенін дәлелдеңіз.
б) АЕС үшбұрышының ауданы 48 см2 болса, МКР үшбұрышының ауданын табыңыз.
Описание слайда:
А деңгейі. В нүктесі АЕС үшбұрыш жазықтығында жатпайды, М, К және Р нүктелері – сәйкесінше АВ, ВС және ВЕ кесінділерінің орталары. а) МКР және АЕС жазықтықтары параллель екенін дәлелдеңіз. б) АЕС үшбұрышының ауданы 48 см2 болса, МКР үшбұрышының ауданын табыңыз.

Слайд 9






В деңгейі.ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде A1DB жазықтығы D1CB1 жазықтығына параллель екенін дәлелдеңіз.
Описание слайда:
В деңгейі.ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде A1DB жазықтығы D1CB1 жазықтығына параллель екенін дәлелдеңіз.

Слайд 10






С деңгейі.DF түзуі α, β және γ жазықтықтарын сәйкесінше D, E және F нүктелерінде қияды және DF=3, EF=9. EG түзуі α және γ жазықтықтарын сәйкесінше G және H нүктелерінде қиып өтеді және EG=12. GH ұзындығын табыңыз.
Описание слайда:
С деңгейі.DF түзуі α, β және γ жазықтықтарын сәйкесінше D, E және F нүктелерінде қияды және DF=3, EF=9. EG түзуі α және γ жазықтықтарын сәйкесінше G және H нүктелерінде қиып өтеді және EG=12. GH ұзындығын табыңыз.

Слайд 11


Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №11
Описание слайда:

Слайд 12






Жазықтықтардың перпендикулярлық белгілері.
Егер екі жазықтықтың біреуі екіншісіне перпендикуляр түзу арқылы өтетін болса, онда бұл жазықтықтар перпендикуляр болады. 
Салдар:
1. Егер жазықтықтың басқа жазықтыққа перпендикуляр ең болмағанда бір түзуі бар болса, онда ол жазықтықтар өзара перпендикуляр. 
2. Егер жазықтық берілген екі жазықтықтың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл жазықтық берілген екі жазықтықтардың әрқайсысына перпендикуляр болады.
Описание слайда:
Жазықтықтардың перпендикулярлық белгілері. Егер екі жазықтықтың біреуі екіншісіне перпендикуляр түзу арқылы өтетін болса, онда бұл жазықтықтар перпендикуляр болады. Салдар: 1. Егер жазықтықтың басқа жазықтыққа перпендикуляр ең болмағанда бір түзуі бар болса, онда ол жазықтықтар өзара перпендикуляр. 2. Егер жазықтық берілген екі жазықтықтың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл жазықтық берілген екі жазықтықтардың әрқайсысына перпендикуляр болады.

Слайд 13






Перпендикуляр жазықтықтардың қасиеттері:
1. Егер түзу өзара перпендикуляр екі жазықтықтың бірінде жатса және олардың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл түзу басқа жазықтыққа да перпендикуляр.  
2. Егер өзара перпендикуляр екі жазықтықтың біреуіне тиісті нүкте арқылы өтетін түзу екінші жазықтыққа перпендикуляр болса, онда ол бірінші жазықтықта жатады. 
3. Егер үшінші жазықтыққа перпендикуляр екі жазықтық қиылысатын болса, онда олардың қиылысу түзуі үшінші жазықтыққа перпендикуляр болады.
Описание слайда:
Перпендикуляр жазықтықтардың қасиеттері: 1. Егер түзу өзара перпендикуляр екі жазықтықтың бірінде жатса және олардың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл түзу басқа жазықтыққа да перпендикуляр. 2. Егер өзара перпендикуляр екі жазықтықтың біреуіне тиісті нүкте арқылы өтетін түзу екінші жазықтыққа перпендикуляр болса, онда ол бірінші жазықтықта жатады. 3. Егер үшінші жазықтыққа перпендикуляр екі жазықтық қиылысатын болса, онда олардың қиылысу түзуі үшінші жазықтыққа перпендикуляр болады.

Слайд 14






Берілген жазықтыққа перпендикуляр түзуді осы жазықтыққа нормаль деп атайды. 
Қиылысушы екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасы осы жазықтықтардың нормальдары арасындағы бұрышқа тең.
Описание слайда:
Берілген жазықтыққа перпендикуляр түзуді осы жазықтыққа нормаль деп атайды. Қиылысушы екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасы осы жазықтықтардың нормальдары арасындағы бұрышқа тең.

Слайд 15






А деңгейі.АВС үшбұрышының АВ және ВС қабырғалары орталары арқылы осы қабырғаларға перпендикуляр α және β жазықтықтары жүргізілген. М нүктесі α және β жазықтықтарының қиылысу түзуіне тиісті. М нүктесі АВС үшбұрышының төбелерінен бірдей қашықтықта екенін дәлелдеңіз.
Описание слайда:
А деңгейі.АВС үшбұрышының АВ және ВС қабырғалары орталары арқылы осы қабырғаларға перпендикуляр α және β жазықтықтары жүргізілген. М нүктесі α және β жазықтықтарының қиылысу түзуіне тиісті. М нүктесі АВС үшбұрышының төбелерінен бірдей қашықтықта екенін дәлелдеңіз.

Слайд 16






В деңгейі.РАВС дұрыс тетраэдрінде К нүктесі – ВС қабырғасының ортасы, D нүктесі – АР қабырғасының ортасы. Келесі жазықтықтардың өзара перпендикуляр екенін дәлелдеңіз: а) АКР және ВСР; б) АКР және ВСD.
Описание слайда:
В деңгейі.РАВС дұрыс тетраэдрінде К нүктесі – ВС қабырғасының ортасы, D нүктесі – АР қабырғасының ортасы. Келесі жазықтықтардың өзара перпендикуляр екенін дәлелдеңіз: а) АКР және ВСР; б) АКР және ВСD.

Слайд 17


Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №17
Описание слайда:

Слайд 18


Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері, слайд №18
Описание слайда:



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию