Описание слайда:
Химия өндірісі І-ші класс - санитарлық-қорғау зонасы 1000 м-ден кем емес 1) байланысқан азот (аммиактың, азот қышқылының, азотты-тукты және басқа тыңайтқыштар) өндірісі. Аммиакты, құрамында азоты бар қосылыстарды (мочевинаны, тиомочевинаны, гидразин мен оның туындыларын және басқаларын, азотты-тукты, фосфатты, концентирленген минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларын) өндіретін комбинаттары осы қосымшаның 14-ші және 19-шы пункттеріне сәйкес анықталатын, кеңейтілген санитарлық-қорғау зонасын талап етеді; 2) бензолды және эфирлі қатардағы анилинді-бояу өнеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдерінің - анилиннің, нитроанилиннің, алкилбензолдың, нитрохлорбензолдың, фенолдың, ацетонның, хлорбензолдың және басқаларының өндірісі; 3) нафталенді және антраценовті қатардағы жартылай өнімдердің - бетанафтолдың, аш-қышқылының, фенилпериқышқылдың, периқышқылдың, антрахинонның, фталиді ангидридтің және басқаларының өндірісі; 4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды өртеу әдісімен, қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлозаны өндіру; ІІ-ші класс - санитарлық-қорғау зонасы 500 м-ден кем емес 40) бромды, оның негізінде өнімдерді және жартылай өнімдерді (органикалық және органикалық емес) өндіру; 41) газ (жарықты, сулы, генераторлы, мұнайлы) өндіру; 42) көмірді жер астында газификациялау станциялары; 43) органикалық еріткіштерді және майды (бензолды, толуолды, ксилолды, нафтолды, крезолды, антраценді, фенантренді, акридинді, карбозолды және басқаларын) өндіру; 44) таскөмірін және оның негізінде өнімдерді (таскөмірлі пекті, шайырды және басқаларын) қайта өңдеу кәсіпорыны;