🗊Презентация Статистикалық ақпарат

Категория: Юриспруденция
Нажмите для полного просмотра!
Статистикалық ақпарат, слайд №1Статистикалық ақпарат, слайд №2Статистикалық ақпарат, слайд №3Статистикалық ақпарат, слайд №4Статистикалық ақпарат, слайд №5Статистикалық ақпарат, слайд №6Статистикалық ақпарат, слайд №7Статистикалық ақпарат, слайд №8Статистикалық ақпарат, слайд №9Статистикалық ақпарат, слайд №10Статистикалық ақпарат, слайд №11Статистикалық ақпарат, слайд №12Статистикалық ақпарат, слайд №13Статистикалық ақпарат, слайд №14Статистикалық ақпарат, слайд №15Статистикалық ақпарат, слайд №16

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Статистикалық ақпарат. Доклад-сообщение содержит 16 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





Статистикалық ақпарат 
Қазақстанға шетелдік инвестициялардың 92% -дан астамын 10 ел берді
Қазақстан 2018 жылдың бірінші жартысында ұлттық экономикаға 12,3 млрд. АҚШ долларын тартты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4% -ға артық - 10,6 млрд. АКШ доллар.
Описание слайда:
Статистикалық ақпарат Қазақстанға шетелдік инвестициялардың 92% -дан астамын 10 ел берді Қазақстан 2018 жылдың бірінші жартысында ұлттық экономикаға 12,3 млрд. АҚШ долларын тартты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4% -ға артық - 10,6 млрд. АКШ доллар.

Слайд 2





Инвестициялық даулар 
Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады.
Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі.
Инвестициялық дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.
Описание слайда:
Инвестициялық даулар Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі. Инвестициялық дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.

Слайд 3





Қазақстан Республикасы 
Азаматтық процестік кодексі
Астана қаласының соты ҚР Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған істерден басқа инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды. 
Астана қаласының соты инвесторлардың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды да: 
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің); 
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның; 
3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.
Инвестор қатысатын құқықтық қатынастардан туындайтын, инвестициялық қызметке байланысты емес өзге де даулар, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізумен қарауға жататын инвестор қатысатын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жатады (27-бап).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді (28-бап).
Описание слайда:
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі Астана қаласының соты ҚР Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған істерден басқа инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды. Астана қаласының соты инвесторлардың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды да: 1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің); 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның; 3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды. Инвестор қатысатын құқықтық қатынастардан туындайтын, инвестициялық қызметке байланысты емес өзге де даулар, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізумен қарауға жататын инвестор қатысатын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жатады (27-бап). Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді (28-бап).

Слайд 4





Инвестициялық даулардың түрлері
инвестициялық келісімшарттарды жасасу, өзгерту және тоқтату туралы даулар;
инвестордың келісімшарт бойынша есептелетін салықтық, кедендік, әлеуметтік, экологиялық және өзге де міндеттемелерді орындауы, соның ішінде келісімшарт бойынша есептелетін инвестордың сомасына шағым жасау туралы даулар;
Инвестициялық келісімшарт талаптарының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік органның әрекеті (әрекетсіздігі) туралы инвестордың шағымы туралы даулар;
инвесторға мемлекеттік субсидия ретінде берілген мүлікті қайтаруға немесе инвестицияларды жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде оның құнын мемлекеттік органға қайтаруға байланысты даулар;
инвесторлардың және мемлекеттік органдардың талаптары бойынша инвестициялық келісімшарт қатысты өзара міндеттемелерді орындауға байланысты басқа да даулар.
Описание слайда:
Инвестициялық даулардың түрлері инвестициялық келісімшарттарды жасасу, өзгерту және тоқтату туралы даулар; инвестордың келісімшарт бойынша есептелетін салықтық, кедендік, әлеуметтік, экологиялық және өзге де міндеттемелерді орындауы, соның ішінде келісімшарт бойынша есептелетін инвестордың сомасына шағым жасау туралы даулар; Инвестициялық келісімшарт талаптарының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік органның әрекеті (әрекетсіздігі) туралы инвестордың шағымы туралы даулар; инвесторға мемлекеттік субсидия ретінде берілген мүлікті қайтаруға немесе инвестицияларды жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде оның құнын мемлекеттік органға қайтаруға байланысты даулар; инвесторлардың және мемлекеттік органдардың талаптары бойынша инвестициялық келісімшарт қатысты өзара міндеттемелерді орындауға байланысты басқа да даулар.

Слайд 5





Тапсырма
«А» ЖШС Инвестициялар және даму министрлігіне қарсы келісімшартты біржақты тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрықты жою үшін Астана қаласының сотына шағым берді. 
Істі қарауға дайындау барысында, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес «А» ЖШС жобасына 230 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция жұмсалғаны анықталды (бұл жұмыс бағдарламаны әзірлеу күніне белгіленген АҚШ долларының бағамы бойынша 184,1 млрд.теңге). Бұдан басқа, арыз иесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясымен өндірістік объектілерді қабылдаған күннен бастап 5 жыл ішінде КТС төлеуден босату түрінде инвестициялық салықтық жеңілдіктер берілген болатын.

Дауды шешіңіз.
Описание слайда:
Тапсырма «А» ЖШС Инвестициялар және даму министрлігіне қарсы келісімшартты біржақты тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрықты жою үшін Астана қаласының сотына шағым берді. Істі қарауға дайындау барысында, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес «А» ЖШС жобасына 230 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция жұмсалғаны анықталды (бұл жұмыс бағдарламаны әзірлеу күніне белгіленген АҚШ долларының бағамы бойынша 184,1 млрд.теңге). Бұдан басқа, арыз иесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясымен өндірістік объектілерді қабылдаған күннен бастап 5 жыл ішінде КТС төлеуден босату түрінде инвестициялық салықтық жеңілдіктер берілген болатын. Дауды шешіңіз.

Слайд 6





Анықтама
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VІ Заңы 

8-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 28 284 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 15 274 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 33 745 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш –                    2 405 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 28 284 теңге болып белгiленсiн.
Описание слайда:
Анықтама Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VІ Заңы 8-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшерi – 28 284 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 15 274 теңге; 3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 33 745 теңге; 4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 405 теңге; 5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 28 284 теңге болып белгiленсiн.

Слайд 7





Инвестициялық омбудсмен 
Инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады.
Құқықтық негіз: 
- Казақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодекс (314 – 317-баптары);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы» ЕРЕЖЕ
Описание слайда:
Инвестициялық омбудсмен Инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады. Құқықтық негіз: - Казақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодекс (314 – 317-баптары); - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы» ЕРЕЖЕ

Слайд 8





Инвестициялық омбудсмен
Описание слайда:
Инвестициялық омбудсмен

Слайд 9





Инвестициялық омбудсмен
Описание слайда:
Инвестициялық омбудсмен

Слайд 10





Тапсырма 
«В» ЖШС Астана қаласының сотына ШҚО Жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасына, Жер қатынастары бөліміне, Семей қала әкімі қаулысының күшін жоюға және жер телімін меншікке қайтарып беруге шағым берді. 
Алайда, әкімдіктің өкілдері осы жер учаскесінің иесі француз азаматы «В» ЖШС құрылтайшысы болса да, ол инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет атқаратындығын дәлелдемеді деп қарсылық білдірді.

«В» ЖШС-нің позициясын нығайту үшін кеңес беріңіз?
Описание слайда:
Тапсырма «В» ЖШС Астана қаласының сотына ШҚО Жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасына, Жер қатынастары бөліміне, Семей қала әкімі қаулысының күшін жоюға және жер телімін меншікке қайтарып беруге шағым берді. Алайда, әкімдіктің өкілдері осы жер учаскесінің иесі француз азаматы «В» ЖШС құрылтайшысы болса да, ол инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет атқаратындығын дәлелдемеді деп қарсылық білдірді. «В» ЖШС-нің позициясын нығайту үшін кеңес беріңіз?

Слайд 11





Заңды тұлғаның мүліктік 
жауапкершілігінің шегі
Заңды тұлғаның жауапкершілігіне қатысты жалпы ереже ретінде ҚР-сы Азаматтық кодексінің 44-бабына сәйкес заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты екені белгіленді.
Заңды тұлғаның өз қарыздарын өтеуіне немесе үшінші тұлғаларға қатысты басқа да міндеттемелерін орындай алатын жеке меншік мүлкінің жоқтығы заңды тұлғаның төлем қабілетсіздігін білдіреді және оны банкрот деп жариялау және оны жою үшін негіз болып табылады (Азаматтық кодекстің 52 және 53-баптары).
Описание слайда:
Заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігінің шегі Заңды тұлғаның жауапкершілігіне қатысты жалпы ереже ретінде ҚР-сы Азаматтық кодексінің 44-бабына сәйкес заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты екені белгіленді. Заңды тұлғаның өз қарыздарын өтеуіне немесе үшінші тұлғаларға қатысты басқа да міндеттемелерін орындай алатын жеке меншік мүлкінің жоқтығы заңды тұлғаның төлем қабілетсіздігін білдіреді және оны банкрот деп жариялау және оны жою үшін негіз болып табылады (Азаматтық кодекстің 52 және 53-баптары).

Слайд 12





Қатысушы заңды тұлғаның міндеттемелері үшін жауапты емес
Азаматтық кодекстің 44-бабының 2-тармағына сәйкес құрылтайшы (қатысушы) заңды тұлғаның міндеттемелері үшін жауап бермейді және заңды тұлға құрылтайшының (қатысушының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 44-бабының 3-тармағы бойынша егер заңды тұлғаның әдейі банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында субсидиярлық жауаптылықта болады.
     
Описание слайда:
Қатысушы заңды тұлғаның міндеттемелері үшін жауапты емес Азаматтық кодекстің 44-бабының 2-тармағына сәйкес құрылтайшы (қатысушы) заңды тұлғаның міндеттемелері үшін жауап бермейді және заңды тұлға құрылтайшының (қатысушының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 44-бабының 3-тармағы бойынша егер заңды тұлғаның әдейі банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында субсидиярлық жауаптылықта болады.      

Слайд 13





2015 жылғы 7 желтоқсандағы
"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
14-бап. Халықаралық төрелік орталығы
1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.
2. Халықаралық төрелік орталығы Кеңестің "Халықаралық төрелік орталығы туралы" қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді.
3. Қазақстан Республикасында Халықаралық төрелік орталығының шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасындағы төреліктер шығарған төрелік шешімдерді тану және орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың актілерінде айқындалған тәртіппен Халықаралық төрелік орталығы шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Орталықтың аумағында төреліктердің шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Описание слайда:
2015 жылғы 7 желтоқсандағы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 14-бап. Халықаралық төрелік орталығы 1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды. 2. Халықаралық төрелік орталығы Кеңестің "Халықаралық төрелік орталығы туралы" қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді. 3. Қазақстан Республикасында Халықаралық төрелік орталығының шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасындағы төреліктер шығарған төрелік шешімдерді тану және орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың актілерінде айқындалған тәртіппен Халықаралық төрелік орталығы шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс. 4. Орталықтың аумағында төреліктердің шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Слайд 14





Инвестициялық заңнаманы 
бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Инвесторлардың және инвестициялық қызметтің басқа да субъектілерінің шарттық және шарттық емес жауапкершілігі

Анықтама: Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексі
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
      Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және материалдық жауапкершілік
азаматтық-құқықтық жауапкершілік нақты зиян мен жоғалған табысты қалпына келтіруді қаласа, материалдық жауапкершілік тікелей нақты нұқсанның мөлшерімен шектеледі, материалдық жауапкершілікке қарағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік моральдық шығын орнын толтыруды көздейді.
Описание слайда:
Инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік 1. Инвесторлардың және инвестициялық қызметтің басқа да субъектілерінің шарттық және шарттық емес жауапкершілігі Анықтама: Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексі 148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу       Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу –       шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және материалдық жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершілік нақты зиян мен жоғалған табысты қалпына келтіруді қаласа, материалдық жауапкершілік тікелей нақты нұқсанның мөлшерімен шектеледі, материалдық жауапкершілікке қарағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік моральдық шығын орнын толтыруды көздейді.

Слайд 15





Инвестициялық заңнаманы 
бұзғаны үшін жауапкершілік
3. Жер қойнауын пайдалану жүйесіндегі тәртіптілік жауапкершілігі
Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәртіптілік жауапкершілік тәртіптілік әрекеттер жасағаны үшін қолданылады. Тәртіптілік әрекетке қызметкерлердің (жұмысшылар немесе қызметшілердің) өздерінің жер қойнауын ұқыпты және кешенді пайдалануды, сондай-ақ оларды қорғауды қамтамасыз етуге байланысты еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны жатады. 
Жаза: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; жеке еңбек шартын бұзу (жұмыстан босату).
4. Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік 
ӘҚБтК жауптылық: жер қойнауын геологиялық зерттеу құқын бұзу; өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдаланылған суды ағызу ережелерін бұзу; минералдық шикізатты өндіру және өңдеу жөніндегі ұйымдар жобаларын жасау ережелерін бұзу; минералдық шикізатты шығару және өңдеу ұйымдарын салу және пайдалануға беруде жер қойнауын қорғау ережелерін қамтамасыз етпеген; жер қойнауын пайдалану мен минералдық шикізатты өңдеуде экологиялық нормаларды бұзу, т.б.
Описание слайда:
Инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік 3. Жер қойнауын пайдалану жүйесіндегі тәртіптілік жауапкершілігі Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәртіптілік жауапкершілік тәртіптілік әрекеттер жасағаны үшін қолданылады. Тәртіптілік әрекетке қызметкерлердің (жұмысшылар немесе қызметшілердің) өздерінің жер қойнауын ұқыпты және кешенді пайдалануды, сондай-ақ оларды қорғауды қамтамасыз етуге байланысты еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны жатады. Жаза: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; жеке еңбек шартын бұзу (жұмыстан босату). 4. Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік ӘҚБтК жауптылық: жер қойнауын геологиялық зерттеу құқын бұзу; өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдаланылған суды ағызу ережелерін бұзу; минералдық шикізатты өндіру және өңдеу жөніндегі ұйымдар жобаларын жасау ережелерін бұзу; минералдық шикізатты шығару және өңдеу ұйымдарын салу және пайдалануға беруде жер қойнауын қорғау ережелерін қамтамасыз етпеген; жер қойнауын пайдалану мен минералдық шикізатты өңдеуде экологиялық нормаларды бұзу, т.б.

Слайд 16





Инвестициялық заңнаманы 
бұзғаны үшін жауапкершілік
5.Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік

ҚК жауаптылық: тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуде хауіпсіздік ережелерін бұзу; жер қойнауын пайдалану мен қорғау ережелерін бұзу; шаруашылық және басқа қызметке экологиялық талаптарды бұзу; теңіз саласын ластау және Қазақстан Республикасының құрғақтағы теңіз сілемдері туралы Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағы туралы заңнамасын бұзу.
Описание слайда:
Инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік 5.Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік ҚК жауаптылық: тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуде хауіпсіздік ережелерін бұзу; жер қойнауын пайдалану мен қорғау ережелерін бұзу; шаруашылық және басқа қызметке экологиялық талаптарды бұзу; теңіз саласын ластау және Қазақстан Республикасының құрғақтағы теңіз сілемдері туралы Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағы туралы заңнамасын бұзу.



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию