Описание слайда:
Кесте 5 — Агротехникалық шараларының арамшөптердің жойылуына әсері ( 2017-2018жж.)
5- кесте бойынша 2017жылы өңдеу алдындағы культивациялау және қосарланған агрегатпен өңдеунұсқасында арамшөптердің жалпы саны 170 дана/м2 болды. Өңдеу тәсілдерінен кейін культивациялау нұскасындағы қалған арамшөптің саны 81,6 дана/м2, олардың 52,0 пайызы ғана өлген, яғни бұл ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Қосарланған агрегатпен өңдеген нұскасында арамшөптердің калғаны культивациялау нұскасымен салыстырғанда 2,5 есеге кем болып, 35,0 дана/м2-ді кұрады, ал арамшоптердің 27,4 пайызға артык өлген. Осыған қарамастан, қосарланған агрегатпен өңдеу түгелдейарамшөптерді құрта алмаса да, қант қызылшасының арамшөп мөлшері минимумға жетіп, қол еңбегі аз жұмсалатыны байқалды .
Тәжіребедегі екі жылдық орташа көрсеткіш бойынша, өңдеу алдындағы арамшөптердің жалпы саны 177-188 аралығында болды. Ал, өңдеу жұмыстарынан кейін, қалғаны бақылау нұсқасында бір шаршы метрде 87,9 дана, олардың өлуі 51,1%-ды, дискілеу нұсқасында сәйкесінше 83,1 дана және 51,4 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, РВК-3,6 нұсқасында бір шаршы метрде 56,5 дананы құрап, 67,8 пайызды көрсетті. Ап, механикалық өңдеуде жоғарғы көрсеткішті қосарланған агрегатымен өңдеген нұсқасы көрсетті, яғни сәйкесінше 46,9 дана/м2-ді және 74,0 пайызды құрады. Осы агротехникаға сәйкес өсіру - арамшөптерге қарсы тұрудың тиімді жолы жолы болуы мүмкін.
2017жылы түрлі агреғаттармен өңдегеннен кейін арамшөптердің саны культивациялау нұсқасында бір шаршы метрде 81,6 дананы құраса, қосарланған агрегатымен өңдеген нұсқасында бұл көрсеткіш 35,0 дананы құрап отыр, яғни олардың 31,6 данаға азайғанын көрсетеді. Оларды гербицидпен өңдегеннен кейінгі арамшөптердің қалған санына келетін болсақ, культивациялау нұсқасында 67пайызы өліп, бір шаршы метрде саны 56,3 дана/м2 болса, сондай-ақ, РВК-3,6 нұсқасында арамшөптің 71,0 пайызы өліп, олардың саны 44,0 дананы құрады. Ал, қосарланған агрегатымен өңдеген нұсқасында 73,0 пайызы өліп, бір шаршы метрдегі арамшөп саны 40,2 дананы құрап отыр. Сондықтан, Фронтьер-Оптиманы арамшөптерге қарсы қолданғанда, қант қызылшасына оң әсерін көрсетті.
Ал, гербицидпен өңдегеннен кейінгі арамшөптер санының орташа көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, бақылау нұсқасында бір шаршы метрде арамшөптер саны 62,3 дана болса, олардың өлгені 71,2 пайызды ғана құрап отыр. Ал, РВК-3,6 нұсқасында 44,3 дананы құрап, 79,0 пайызды көрсетсе, қосарланған агрегатымен өңдеу нұсқасында 82,0 пайыз арамшөп өліп, олардың саны бір шаршы метрде орташа есеппен 38,1 дана/м2 болды. Бұл қант қызылшасы егістігінде қосарланған агрегатымен өңдеу нұсқасын қолдану өздерінің тиімділігін көрсетті.