Описание слайда:
Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (бұдан әрі - биологиялық белсенді қоспалар) құрамдауыштарына енетін құрам бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 1) негізінен белоктардың, амин қышқылдардың және олардың кешендері негізіндегі; 2) мал және өсімдік липидтері негізіндегі: өсімдік майлары негізіндегі; балық майлары негізіндегі; мал майлары негізіндегі; аралас май негізіндегі; 3) негізінен сіңірілетін көміртектер, оның ішінде биологиялық белсенді компоненттер қосылған бал, шәрбаттар және басқалар негізіндегі; 4) негізінен тағамдық талшықтар (целлюлоза, камедьтер, пектин, гумми, микрокристалды целлюлоза, кебектер, фруктоолигосахарлар, хитозан және басқа полисахаридтер) негізіндегі; 5) таза субстанциялар (дәрумендер, минералды заттар, органикалық қышқылдар және басқалар) немесе әртүрлі толықтырғыштарды пайдаланумен олардың концентраттары (өсімдік сығындылары және басқалар), оның ішінде сусындарға арналған құрғақ концентраттар негізіндегі; 6) табиғи минералдар (цеолиттер және басқалар, оның ішінде мумие) негізіндегі; 7) өсімдік негізіндегі, оның ішінде: құрғақ - гүл тозаңы, шәй, кептірілген дәрілік өсімдіктер қоспасы; сұйық - эликсирлер, бальзамдар, тұндырмалар және соларға ұқсастар; 8) ет-сүт шикізатын, оның ішінде субөнімдерді, құстарды, буынаяқтыларды, қос мекенділерді, омарта шаруашылығының өнімдерін (аналық бал сүті, прополис және басқалар) қайта өңдеу негізіндегі; 9) балық, теңіз омыртқасыздары, шаян тектестер, моллюскалар және басқа теңіз өнімдері, теңіз өсімдіктері микроорганизмдері (балдырлар және басқалар) негізіндегі - құрғақ; 10) пробиотикалық микроорганизмдер негізіндегі: құрғақ - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі, аминқышқылдарын, микроэлементтерді, моно- және ди- олисахаридтерді қосу арқылы микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; сұйық - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; қоюландырылмаған микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; 11) бір жасушалы балдырлар (спирулин, хлорелл және басқалар), ашытқылар мен олардың лизаттары негізіндегі.