Описание слайда:
Технологиялық машиналарға арналған жағармайлар келесі топтарға бөлінеді: Технологиялық машиналарға арналған жағармайлар келесі топтарға бөлінеді: 1)индустриалды майлар, қалыпты жағдайда жұмыс істейтін бөлшектерді майлауға қолданылатын (И-12А - жеңіл, И-20А және И-40А - орташа, И-50А - ауыр); 2) трансмиссиялы,, ауыр жүктелген берілістерді майлауға арналған (ТАП10, ТА*-15, ТС-14,5, ТС-8, ТС-10, МТ-14П, МТ-16П); 3) турбиналы майлар, жоғары жылдамдықпен және жоғары меншікті жүктемені қабылдайтын бөлшектерді майлауға қолданылатын (турбиналы Т46, Т57 және т.б.); 4) моторлы майлар, іштен жану қозғалтқыштарының бөлшектері мен түйіндерін майлауға қолданылатын [автотракторлы - АКЗп-6 (М6Б), АКЗп-10 (М10Б), АС-6 (М6Б), АС-8 (М8Б),АО10 (М10Б); дизельді - ДС-8 (М8Б), ДС11(М10Б),Дп-8] 5) компрессиялық майлар, жоғары қысым мен жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін бөлшектер мен түйіндерді майлауға қолданылатын (12М, 19М, 19Т,К019); 6) цилиндрлік майлар, жоғары температурада ауыр жүктелген тораптардың бөлшектерін майлауға қолданылатын (цилиндрлік 11, цилиндрлік 24 және т.б.); 7) арнайы майлар – теміржол, трансформаторлық, аспаптық.