Описание слайда:
Заратуштрашылдықтың пайда болуы туралы ғылымда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарас бойынша, Заратуштрашылдық Батыс Иранда, негізінен, Мидияда пайда болып, олардан парсылар қабылдаған, парсылар арқылы бүкіл шығысқа таралған. Бұл көзқарас “Авеста” мен Заратуштрашылдықтың пайда болуының “батыстық” немесе “мидиялық теориясы” деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші көзқарас – Заратуштрашылдық пен “Авестаның” пайда болуының “шығыстық” немесе “бактриялық” теориясы. Бұл теория бойынша, Заратуштрашылдық Бактрияда пайда болып, кейін батысқа, Мидия мен Парсы еліне таралған. “Авестадағы” деректер, діни-мифологиялық сюжеттер ондағы жырлардың Орта Азияда дүниеге келгенін айғақтайды.] Орыс ғалымы И.С. Брагинский “Авестада” батыс ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгі жоқ екендігін атап көрсетеді. Санкт-Петербургтік ғалымдар С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов “Авестада” баяндалатын тарихи оқиғалар Каспий мен Арал теңіздерінің маңында, Әмудария, Сырдария және Еділ өзенінің бойында орын алған деп тұжырымдайды. “Авестада” Заратуштра сиынған Ахура Мазда құдайға табынуға қарсы шыққан Қазақстан мен Орт. Азияның көшпелі тайпаларының бәрі “турлар” деп аталған. Кейбір зерттеушілер “тур” халқын грек деректемелері бойынша кеінгі массагеттермен, яғни сақ тайпасымен байланыстырады. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі Заратуштрашылдықты қабылдамаған.] Алайда олардың бір бөлігі Заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасына таратты. Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған.