Описание слайда:
Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп,әрекет түріне қарай ізденушілік жоба,шығармашылық жоба,ақпараттық жоба,рөлдік ойындар түріндегі жобалар,тәжірибелерге арналған жобалар деп бөлінеді.Атап айтқанда,бір жобаның аясында оқушылар ізденушілік те,шығармашылықта та,ақпараттық та жұмыстар жүргізеді. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Жоба әдісінің басты мақсаты-тәжірибе жүзінде толықтыруды талап ететін маңызды тапсымаларды орындау барысында студенттің өздігінен білім алуына жағдай жасау. Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтеді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсыманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспалау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. “Инновация” деген сөз –латынның жаңалық және енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару,жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіеді. Зерттеулер бойынша “инновация” –педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі , мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Инновациялық іс-әрекет- дәстүрлі іс-әрекеттен түбілі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне лайықты болуы керек. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ,жас ұрпаққа білім беру ісін де әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстасақ қателеспеспіз. Қорыта келгенде, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланып отыру оқушының ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын, шығармашылық талабын дамыту барысында біршама нәтижесін бере алады деп ойлаймын.