Описание слайда:
Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:
Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:
Сүндетке отырғызу, ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель атқарады.
Сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі – шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды (малаха);
Іс-әрекеттің шұғыл формалары: жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б. рұқсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б."Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отбасы анасының батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы синагогаға барады. Үйіне келген соң ол балаларына бата береді және әйелін Соломон Өсиет кітабының 31-тарауының сөздерімен мадақтайды. Отбасы сенбілік тамақ ішуге кіріседі. Тамақ ішер алдында нан және шарап негізінде бата жасалады. Шаббат күні от жағуға болмайды. Егер от бұрыннан жанып тұрса, онда жанып тұра береді.Сенбі күні ұзақ сапарға шығуға болмайды. Кеме бортында отырған жолаушыларға борттан түсуге болмайды. Ортодоксалды еврей синагогадан жаяу жүретіндей қашықтықта тұрады. Өйткені, ол сенбі күні автомобиль жүргізе алмайды. Ол қоғамдық көлікті де пайдалана алмайды”.Күшейтілген дұға жасау, (тфила) дұға жасауға (кавана) толық берілу қажет. Қол жуарда, тамақ алдында және тамақтан кейін дұға оқу керек. Тамақтың әрбір түрі үшін өзіндік дұға мәтіні болады. Сенбілік, мерекелік шырағданды жағар алдында да дұға оқылады.
Синагогада біріккен құлшылық ету он ересек адамның, яғни "діни қатынаста құқығы бар еркек болғанда ғана жүргізіледі. Бірақ, ерекше жағдайда жалғыз дұға жасауға болады”.
Пост (ауыз бекіту) – күнәдан тазару, тәубаға келу күндері, ұлы апат және т.б. Иудейлік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың, шехит ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады. Шошқа, жылқы, қоян етін жеуге, бір уақытта ет және сүт тамақтарын колдануға тыйым салынады. Егер тамақ алдында иудей сүт тағамын ішсе, онда ет тағамдарын жеу алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап (нан түйірін) тағам жеуі керек. Тамаққа қанды қолдануға айырықша тыйым салынған.
Шавуот (шабуот) – апта мейрамы немесе Мұсаға Синай тауында Тораның берілуіне байланысты мейрам. Иудей діни ойшылдарының пікірінше, бұл мейрам пасханың бірінші күнінен соң 50-ші күні өткізіледі.
Иудаизмнің көп ғасырлық тарихында жікшілдік, секталар, бағыттар, қозғалыстар пайда болды. Бүгінгі уақытта, ғалымдардың пікірінше, мынадай иудаизм бағыттары қалыптасты: караим, хасидизм, реформаторлық, консерваторлық, ортодоксальды. ХІІ-ХІІІ ғасырда еврей діни ойшылдарының арасында Каббала философиялық көзқарастар жүйесі тарала бастады. Каббалистердің қасиетті кітабы – "Зогар” ("Шұғыла”).