Описание слайда:
ҚОРЫТЫНДЫ
Экология департаментімен құмды алқап шегінде мұнай өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтары шегінде Ембі, Темір өзендерінің жер үсті суларының жағдайына аналитикалық бақылау жүргізіледі. 130 су сынамасы алынып, 1494 анықтау орындалды. Оның ішінде 596 анықтама Темір өзені, 714 анықтама Ембі өзені бойынша және 184 анықтама Атжақсы өзені бойынша нәтижесінде, ластағыш заттардың жоғары болуының 210 фактісі анықталды.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы аумағындағы жер үсті суларының ластануын бақылауды 12 су объектісінде жүргізді: Елек өз., Ор өз., Ембі өз., Темір өз., Қарғалы өз., Қосестек өз., Ырғыз өз., Қара Қобда өз., Үлкен Қобда өз., Ойыл өз., Ақтасты өзені және Шалқар көлі.
Елек және Орь өзендері – Жайық өзенінің көпсулы сол жақ салалары. Ембі өзені Мұғалжар тауынан бастау алады және теңіз жағасындағы тұзды шалшықтарда тоқтап қалады ал, су мол жылдары Каспий теңізіне дейін ағады.
Су сапасы келесідей бағаланады: суы «орташа ластанған» - Қосестек, Ақтасты өзендері; суы «ластанудың жоғары деңгейі» - Елек, Ойыл, Үлкен Қобда, Қара Қобда, Қарғалы, Ор, Темір, Ембі, Ырғыз, Шалқар көлі.
2014 жылмен салыстырғанда Елек, Қарғалы, Ойыл, Қара Қобда, Ырғыз, Ақтасты, Ембі, Ор, Темір өзендеріндегі, Шалқар көліндегі су сапасы айтарлықтай өзгермеген, Қосестек өзенінде су жағдайы жақсарды, Үлкен Қобда өзенінде – нашарлады.