Описание слайда:
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo — желдету) — өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.

Желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш— фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты — центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады (суретті қ.). Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.
Желдету (татынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.