Описание слайда:
Діни сипаттағы қауіп-қатер
Салафиттердің Абай, Шәкәрім және басқа да қазақ ойшылдары ұстанған Қазақстан мұсылмандарының дін ұстанымына негіз болған, Матруди діни-сенім мектебін теріске шығаруы.
Аллаға дене мүшелерін: бет, қол, тізе, таққа отыру, аспаннан түсуді және т.б. ұғымдарын беретін Алланың қасиеттері мен есімдері туралы үздіксіз айтыс жүргізу.
Құран мен сүннет бойынша дұрыс Ислам туралы айтыс, яғни, тек солар ғана Ханафи мәзһабын теріске шығарып, дұрыс дінді ұстанады-мыс.
Ғибадат етудің екінші кезектегі мәселелері бойынша ұдайы айтыс жүргізу. Тек Құран мен хадистерден үзінді келтіру,сөзбе-сөз түсіну. Олар үшін мазмұн емес, түрі маңызды.
Мұсылмандар Алланы еске түсіру, әрі Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айту ол арқылы исламның адамзатқа ортақ, өлшеусіз құдірет-қасиеттерінің қоғамға игі әсерінің молая беруінің бір жолы-Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) туған күні-Мәулід арқылы жергілікті мұсылмандарға рухани азық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік идеялары мен адалдық, тазалық, білім-ғылым, мәдени әлеуметтік өмір салтының жағымды, өркенді жолының қалыптасуына үлес қосу мүмкіндігі екенін түсіне алмайды.
Өздерінің салафи шейхтары: Ибн Тәймия, Ибн Қайим, Ибн Баз, Усаймин және олармен пікірлес ғалымдарды ғана мойындайды. Мұсылман елдерінің өзге аймақтарында ислам ғалымдарының жергілікті аймқтардағы мәселелеріне орай атқарған зерттеу, ғылыми еңбектерді мойындамайды.
Ислам жораларын ұстанбайтындарға шектен тыс қатал, кейде этностарды өздерінің діни ұстанымына қарай жіктерге бөлуге ұмтылады. Оларды “бір құдайшылдар” және басқалар:
Намаз оқитындар, бірақ, аруақтарға сыйынатын “пұтқа табынушылар” – деп бөлу, әрекеттеріне бой алдырады.