Описание слайда:
Ал жедел, адамның өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шараларын кезектен тыс ұйымдастырады.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның асқынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігерлерді консультацияға, пікірлесіп - ақылдасуға шақырады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни, дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, қайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді.