Описание слайда:
Осыдан E3d>E4s екендігі келіп шығады, сондықтан тереңірек орналасқан 4s деңгейі алдымен, одан кейін барып 3d деңгейі толтырылады. Демек, үшінші период, екінші период сияқты, тек 8 элементтен тұрады (11Na-18Ar) және атомдарының 3s және 3р-қабықтары болады. Осыдан E3d>E4s екендігі келіп шығады, сондықтан тереңірек орналасқан 4s деңгейі алдымен, одан кейін барып 3d деңгейі толтырылады. Демек, үшінші период, екінші период сияқты, тек 8 элементтен тұрады (11Na-18Ar) және атомдарының 3s және 3р-қабықтары болады. Кальцийдегі (z=20) 4s-қабық толтырылғаннан кейін, скандийде (z=21) 4р-қабықтың құрылуы басталады деп күтуге болады. Бірақ спектрлерді зерттеу кейінгі (21Sc-28Nі) элементтерде алдымен 3d-қабық толтырылады, онан кейін барып 29Сu мыстан бастап 30Zn мырыштан аяқталатын, қабықтардың қалыпты толтырылуы жалғасады. Сонымен 4-период 18 элементтен тұрады және атомдарының 4s, 3d, 4p-қабықтары болады. Келесі, бесінші период, 4-период сияқты, 18 элементтен тұрады (37Rb-54Xe), 5s, 4d, 5p-қабықтары толтырылады. Алтыншы период 32 элементтен (55Cs-86Rn) тұрады, өйткені сыртқы 6s, 6p-қабықтармен қоса, бірінші ішкі 5d (10 электрон) – қабық және екінші ішкі 4f (14 электрон) – қабық толтырылады. Дәл осылай жетінші период та бүтіндей алтыншы периодты қайталауға, яғни 32 элемент (7s, 5f, 6d, 7p-қабықтары) болуға тиіс еді. Бірақ қазіргі уақытқа дейін осы периодтың тек 18 элементі ашылған. Сонымен, бірінші период барлығы екі элементтен, екінші және үшінші периодтар 8 элементтен, төртінші және бесінші периодтар 18 элементтен, ал алтыншы және жетінші периодтар 32 элементтен тұрады (жетінші период аяқталмаған). Атомдардағы қабаттар мен қабықтардың толтырылу тәртібі 6.2-кестеде келтірілген. Периодтық жүйенің әр периоды сілтілік металдан басталады; оның электрондық конфигурациясында тек жалғыз сыртқы s-электрон болады. Барлық элементтер ішінен сілтілік металдар атомдарының ионизациялық потенциалы ең төмен.