Описание слайда:
Дауыссыз дыбыстар - айтылған кезде өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап Дауыссыз дыбыстар - айтылған кезде өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі. 1. Дауыс (үн) қатысына қарай: Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді (сонор) дауыссыздар 2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) қарай: Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч. Ызың дауыссыздар: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ. 3.Айтылу (немесе артикулациялық) орнына қарай: 1. Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м, (у). 2.Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф, в. 3. Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц. 4. Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч. 5.Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й. 6. Тіл ортасы (преналаталь) фонемалары: к, г. 7. Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ц, х. 8.Көмей (фарингаль) фонемалары:һ. Дифтангоид дауыстылар – қазақ және өзге түркі тілдерінде кездесетін қосынды, яғни дивтонг дауыстылар. Олар – у және и. Африкат дыбыстар ц және ч.