Описание слайда:
Тақырыптың өзектілігі. Баскетболмен тұрақты айналысқан уақытта қимыл кординациясы жетіліп, тыныс алу және қан айналым органдары жаттығып, бұлшық ет дамып, жүйке жүйесі нығаяды. Әлемнің көптеген елдерінде баскетболмен айналысу сабағы орта мектеп пен жоғары оқу орындарының білім алушыларының дене шынығу дайындығының бағдарламасына енген.
Тақырыптың өзектілігі. Баскетболмен тұрақты айналысқан уақытта қимыл кординациясы жетіліп, тыныс алу және қан айналым органдары жаттығып, бұлшық ет дамып, жүйке жүйесі нығаяды. Әлемнің көптеген елдерінде баскетболмен айналысу сабағы орта мектеп пен жоғары оқу орындарының білім алушыларының дене шынығу дайындығының бағдарламасына енген.
Доппен жасалатын қимылды ойындар балалардың ақыл-ой қызметінің жұмысын талап етеді: сол мезетке сай шешім қабылдау, қарсыластың әрекетін алдын-ала білу. Баскетболдағы ойын - доппен ойналатын спорттық командалық ойын. Ол өте қиын да, сезімтал ойын. Құрамына ойын барысында серіктестің әрекетіне жауап ретінде белгілі-бір комбинацияларда жүзеге асырылатын жүгіру, секіру, доп жалғау енеді. Баскетбол ойыны анықталымына байланысты көп ерекшеліктерге ие. Баскетболда екі команда ойнайды, әрқайсының құрамында бес ойыншы болады. Бар команданың мақсаты - допты қолмен қарсыластың себетіндегі сақинаға салу, қарсылас команданың допты иеленуіне және допты себеттегі сақинаға салуға жол бермеу болып табылады.
Допты лақтыру жаттығуларында координацияның, икемділіктің, қимыл келісімінің қалыптасуына жол ашылады. Ол допты ұстап қалу, тоқтату, лақтыру сияқты жаттығуларға үйретеді, қадам жасау бағытын есептеуді үйретеді, қашықтықтан күш жұмсауды келісуді, қимыл айқындылығын дамытуды, кеңістікке бағдар жасауды үйретеді. Доппен ойналатын ойында баланың дене шынығу қасиеттері күшейеді: жылдамдық, секіру, күш.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда дәл қимылдарға қабілеттілік әлсіз болады, доппен жасалатын барлық қимылдар бұл қасиеттердің қалыптасуына қуат береді. Әртүрлі салмақ пен көлемдегі доппен жасалатын жаттығулар екі қолдағы үлкен ғана емес, кішігірім бұлшық еттердің дамуына да ықпал етеді. Саусақтар мен алақан буындарының қозғалуына ықпал етеді, бұл мектепке дайындалып жүрген бала үшін өте маңызды болып табылады. Ойында бала қимыл әрекетінің барысында өз күшін сынап қарау керек. Баскетболдағы ойын барысы мен әрекеттердің көпқырлылығы, динамикалық, көңіл-күйге берілу мектепке дейінгі үлкен жастағы балалардың осы ойынға тартылуына ықпал етеді [1].
Допты қағып алу мен лақтыру барысында балалар екі қолмен қимыл жасайды. Бұл орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына және ағзаның біртұтастықта жұмыс жасауына ықпал етеді.
Доппен ойын барысында балалардың дұрыс моральдық-күштілік сипатын тәрбиелеуге оң жағдай жасалады. Осындай ойындар шыдамдылыққа тәрбиелеуге, өзімшілдік қасиеттерді жеңуге үйретеді.
Ойын жағдайында допты иеленудің негізгі әдістеріне балаларды үйрету, балалардың жан-жақты қимыл дайындығы мен дене шынығудың дамуына жету барысында жағдай жасалады, сонымен бірге, балаларды баскетболмен таныстыруға мүмкіндік береді. Баскетбол – ойыншылардың дене шынығу, техникалық, стратегиялық дайындығын талап ететін спорттық ойын, оған ерекше, үздіксіз жаттықтырудың көмегімен жетістікке жетуге болады. Мектепте спорттық ойындарға үйретудің алғышарттарын құруға ерекше назар аудару керек.
Баскетбол мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиелеудің әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Баскетболмен жүйелі айналысу мектеп балаларының жан-жақты дамуына, баланың икемділігі, шыдамдылығы, жылдамдығы, дене шынығуының қалыптасуына ықпал етеді. Спорттық ойындар, оның ішінде, баскетбол балаларда ізгілік-күштілік қасиеттердің, батылдық, тұрақтылық, тәртіптілік, күрделілікті жеңуге қабілетті қалыптастыруға көмектеседі. Ойындар ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Бәсекелесті құрметтеу, спорттық жекпе-жекте мейірімді болу, жақсарту құбылыстарына қарай жүру сияқты қасиеттер спорттық ойындар ықпалымен қалыптасады. Сондықтан, баскетбол мектеп бағдарламасында негізгі материал ретіне беріліп, сыныптан тыс жұмыста кеңінен қолданылады.
Баскетбол - жоғары дәрежелі баскетболшылардан талап етілетін атлетикалық ойын.
Жасөспірім баскетболшылардың техникалық-стратегиялық шеберліктеріне жету, күштілік-жылдамдық дайындықтарының және дене шынығу қасиеттерінің қалыптасуын анықтауға байланысты аталмыш тақырыптың өзектілігі туындайды.