Описание слайда:
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады. Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз. Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді. Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады. Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз. Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар. Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы; екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.