Описание слайда:
«Қажылық» ұғымы сөздiкте – «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiрсе, шариғатта – арнайы уақытта, яғни, қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зул-хижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Мекке қаласына барып, Қағбаны жетi айналып тауап ету, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасау, Арафатта тұру, Мұздалифада түнеу, Минада болып шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiндіріледі.

Қажылық құлшылығының бойында үлкен даналық, ашылмаған құпиялар жатыр әрі ол үшін берілетін сауап та шаш-етектен. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» деп ұқтырылса («Әли-Имран» сүресi, 97-аят), хадисте: «Умра умраға дейінгі аралықтағы (кіші) күнәларды шаяды, ал хаж мабрурдың (шынайы қажылықтың) сыйлығы – тек жәннат» деп сүйіншіленеді. (Бұхари, Муслим)
Сонымен қатар, қажылық сапары туралы сөз қозғағанда есімізге еріксіз Мекке қаласы, Алланың үйі Қағба, Қара тас, Зәм-зәм суы, Арафат, Құрбандық оралады.