Описание слайда:
Жүрек қан тамырлар жүйесі:
Жүрек қан тамырлар жүйесі:
Ентігу: үдемелі қарқындылық, пайда болу уақыты (тәуліктің қай мезгілінде), сипаты (тұрақы, ұстамалы), физикалық күшпен байланысы (баспалдақпен жүру), тыныштықта, қобалжу кезінде, әңгімелесу кезінде, қандай жағдайда әлсірейді (тік – отырған кезде, көлденең – оң немесе сол жақ қырымен, арқасымен).
Ауырсыну: локализация (жүрек маңында немесе төс сүйек артында), пайда болу уақыты мен шарттары (тыныштықта, физикалық күш жұмсау кезінде, қобалжу кезінде, суықта), сипаты және қарқындылығы, иррадиациясы, ұзақтығы, жабырқау, өлім қорқынышы, суық тер, бас айналуы сезімімен қоса жүретін ауырсыну;
Ауырсынуды қайтару жолдары (валидол, нитроглицерин, нитросорбид, дәрісіз қайтады), ауырсыну ұстамаларының жиілігі.
Жүректің жиі және шалыс соғуы: тұрақы немесе ұстамалы, қарқындылығы, ұзақтығы, жиілігі, пайда болу шарттары (физикалық күш жұмсау кезінде, тыныштықта, қобалжу кезінде, тамақ ішкеннен кейін, көлденең күйде, при сыртқы дене қызуының өзгеруі кезінде), немен қайтады (айнымалы дене қалпы, тынысты кідіру, лоқсу және т.б.).
Ісіну: локализация, қарқындылық, тұрақты немесе қайтатын, пайда болу уақыты (кешке қарай, таңертең), физикалық күш жұмсаумен, тұзды, сұйық тамақ ішумен байланысты; оң жақ қабырға астында күшті немесе ауырсынуды сезіну, іштің үлкеюі.
Тамыр соғысын сезіну: ауыспалы ақсақтық, "өлі" саусақ сезімі.