🗊Презентация Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

Категория: Юриспруденция
Нажмите для полного просмотра!
Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №1Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №2Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №3Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №4Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №5Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №6Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №7Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №8Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №9Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №10Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №11Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №12Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №13Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №14Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №15Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері, слайд №16

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Нотариустың қызметін бақылау. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері. Доклад-сообщение содержит 16 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1










3 Лекция. 
Нотариустың ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ. НОТАРИУСТЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ МЕН ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІЛЕРІ. 

1. Нотариустың қызметін бақылау тәртібі.
2. Жекеше нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
3. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi.
Описание слайда:
3 Лекция. Нотариустың ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ. НОТАРИУСТЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ МЕН ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІЛЕРІ. 1. Нотариустың қызметін бақылау тәртібі. 2. Жекеше нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 3. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi.

Слайд 2





1. Нотариустың қызметiн бақылау тәртібі. 

Нотариус қызметін бақылау:
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»,
2. «Жекеше практикамен айналысатын нотариустардың жасайтын нотариалдық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру Ережесімен» жүзеге асырылады.
Описание слайда:
1. Нотариустың қызметiн бақылау тәртібі. Нотариус қызметін бақылау: 1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», 2. «Жекеше практикамен айналысатын нотариустардың жасайтын нотариалдық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру Ережесімен» жүзеге асырылады.

Слайд 3





		Бақылаудың мақсаты: нотариалдық қызмет көрсету саласында заңдылықты және оған халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету және нотариустардың нотариалдық практикасының қолданыстағы заңнаманың және халықаралық құқықтың нормалары мен талаптарына сәйкес келуін зерделеу болып табылады.
		Бақылаудың мақсаты: нотариалдық қызмет көрсету саласында заңдылықты және оған халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету және нотариустардың нотариалдық практикасының қолданыстағы заңнаманың және халықаралық құқықтың нормалары мен талаптарына сәйкес келуін зерделеу болып табылады.
Описание слайда:
Бақылаудың мақсаты: нотариалдық қызмет көрсету саласында заңдылықты және оған халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету және нотариустардың нотариалдық практикасының қолданыстағы заңнаманың және халықаралық құқықтың нормалары мен талаптарына сәйкес келуін зерделеу болып табылады. Бақылаудың мақсаты: нотариалдық қызмет көрсету саласында заңдылықты және оған халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету және нотариустардың нотариалдық практикасының қолданыстағы заңнаманың және халықаралық құқықтың нормалары мен талаптарына сәйкес келуін зерделеу болып табылады.

Слайд 4





Бақылаудың міндеттері:
Бақылаудың міндеттері:
нотариалдық іс-әрекеттер жасауға жүгінген адамдардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
нотариустардың құқық қолдану практикасының бірізділігін қамтамасыз ету;
нотариалдық қызмет көрсету саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болып табылады.
нотариустардың кәсіби қызметін тексеру:
нотариалдық іс-әрекеттерді жасау кезінде нотариус тексеретін заңдылықты, сондай-ақ кәсіби этика ережелерін сақтаудың жай-күйін зерделеу және тексеруді;
нотариустың статистикалық есептілік пен нотариалдық істерді есепке алуды жасауының дұрыстығы мен растығын зерделеуді;
нотариус қызметінің аумағында нотариалдық қызмет көрсетудің деңгейі мен мәдениетін тексеруді;
жасалатын нотариалдық іс-әрекеттердің динамикасын, құрылымы мен сипатын талдауды;
нотариустың нотариалдық іс жүргізуге, соның ішінде іс қағаздарын жүргізу тіліне қойылатын талаптарды сақтауды;
нотариалдық мұрағаттың жай-күйін зерделеуді;
нотариустың Ар-ождан кодексін сақтауы және нотариалдық палата жарғысының талаптарын орындауды қамтиды.
Описание слайда:
Бақылаудың міндеттері: Бақылаудың міндеттері: нотариалдық іс-әрекеттер жасауға жүгінген адамдардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету; нотариустардың құқық қолдану практикасының бірізділігін қамтамасыз ету; нотариалдық қызмет көрсету саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болып табылады. нотариустардың кәсіби қызметін тексеру: нотариалдық іс-әрекеттерді жасау кезінде нотариус тексеретін заңдылықты, сондай-ақ кәсіби этика ережелерін сақтаудың жай-күйін зерделеу және тексеруді; нотариустың статистикалық есептілік пен нотариалдық істерді есепке алуды жасауының дұрыстығы мен растығын зерделеуді; нотариус қызметінің аумағында нотариалдық қызмет көрсетудің деңгейі мен мәдениетін тексеруді; жасалатын нотариалдық іс-әрекеттердің динамикасын, құрылымы мен сипатын талдауды; нотариустың нотариалдық іс жүргізуге, соның ішінде іс қағаздарын жүргізу тіліне қойылатын талаптарды сақтауды; нотариалдық мұрағаттың жай-күйін зерделеуді; нотариустың Ар-ождан кодексін сақтауы және нотариалдық палата жарғысының талаптарын орындауды қамтиды.

Слайд 5





Нотариустардың кәсіби қызметін тексерулердің түрлері:
Нотариустардың кәсіби қызметін тексерулердің түрлері:
1) әділет департаменті мен нотариалдық палатаның алғашқы тексерістері;
2) әділет департаменті мен нотариалдық палатаның мерзімді тексерістері;
3) шұғыл тексерістер.

		Алғашқы және мерзімді тексерістер аумақтық әділет департаментінің нотариалдық палатамен келісімі бойынша жасалатын бірыңғай тексерістер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бірыңғай тексерістер кестесі:
1) тексерістердің мерзімдері мен кәсіби қызметі басталған күннен бастап 6 ай өтсе де, алайда кемінде бір жыл жұмыс істейтін (алғашқы тексерістер) нотариустар тобын;
2) тексерістердің мерзімдері мен кәсіби қызметін соңғы тексеріс бір жыл бұрын жүргізілген (мерзімді тексерістер) нотариустар тобын анықтайтын тарауларды қамтуы тиіс.
Описание слайда:
Нотариустардың кәсіби қызметін тексерулердің түрлері: Нотариустардың кәсіби қызметін тексерулердің түрлері: 1) әділет департаменті мен нотариалдық палатаның алғашқы тексерістері; 2) әділет департаменті мен нотариалдық палатаның мерзімді тексерістері; 3) шұғыл тексерістер. Алғашқы және мерзімді тексерістер аумақтық әділет департаментінің нотариалдық палатамен келісімі бойынша жасалатын бірыңғай тексерістер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бірыңғай тексерістер кестесі: 1) тексерістердің мерзімдері мен кәсіби қызметі басталған күннен бастап 6 ай өтсе де, алайда кемінде бір жыл жұмыс істейтін (алғашқы тексерістер) нотариустар тобын; 2) тексерістердің мерзімдері мен кәсіби қызметін соңғы тексеріс бір жыл бұрын жүргізілген (мерзімді тексерістер) нотариустар тобын анықтайтын тарауларды қамтуы тиіс.

Слайд 6





		Шұғыл тексерістер жүргізу үшін нотариалдық іс-әрекеттер жасау үшін нотариусқа жүгінген адамдардың шағымдары мен өтініштері, құқық қорғау органдарының ұсынымдары, соттардың жекеше қаулылары, лицензиардың тапсырмалары және басқалары негіз бола алады. Шұғыл тексеріс заңсыз (дұрыс емес) екені құқық қорғау органдары мен соттардың шағымында, өтінішінде немесе іс жүргізу құжаттарында көрсетілген іс-әрекетті ғана қамтиды.Шұғыл тексеріс нотариусқа оны жүргізу туралы алдын ала хабарланбастан жүргізіледі.
		Шұғыл тексерістер жүргізу үшін нотариалдық іс-әрекеттер жасау үшін нотариусқа жүгінген адамдардың шағымдары мен өтініштері, құқық қорғау органдарының ұсынымдары, соттардың жекеше қаулылары, лицензиардың тапсырмалары және басқалары негіз бола алады. Шұғыл тексеріс заңсыз (дұрыс емес) екені құқық қорғау органдары мен соттардың шағымында, өтінішінде немесе іс жүргізу құжаттарында көрсетілген іс-әрекетті ғана қамтиды.Шұғыл тексеріс нотариусқа оны жүргізу туралы алдын ала хабарланбастан жүргізіледі.
Описание слайда:
Шұғыл тексерістер жүргізу үшін нотариалдық іс-әрекеттер жасау үшін нотариусқа жүгінген адамдардың шағымдары мен өтініштері, құқық қорғау органдарының ұсынымдары, соттардың жекеше қаулылары, лицензиардың тапсырмалары және басқалары негіз бола алады. Шұғыл тексеріс заңсыз (дұрыс емес) екені құқық қорғау органдары мен соттардың шағымында, өтінішінде немесе іс жүргізу құжаттарында көрсетілген іс-әрекетті ғана қамтиды.Шұғыл тексеріс нотариусқа оны жүргізу туралы алдын ала хабарланбастан жүргізіледі. Шұғыл тексерістер жүргізу үшін нотариалдық іс-әрекеттер жасау үшін нотариусқа жүгінген адамдардың шағымдары мен өтініштері, құқық қорғау органдарының ұсынымдары, соттардың жекеше қаулылары, лицензиардың тапсырмалары және басқалары негіз бола алады. Шұғыл тексеріс заңсыз (дұрыс емес) екені құқық қорғау органдары мен соттардың шағымында, өтінішінде немесе іс жүргізу құжаттарында көрсетілген іс-әрекетті ғана қамтиды.Шұғыл тексеріс нотариусқа оны жүргізу туралы алдын ала хабарланбастан жүргізіледі.

Слайд 7





		Тексеріс нәтижелерін талқылау нәтижелері бойынша нотариусқа қатысты мынадай шешiмдер қабылданады: 
		Тексеріс нәтижелерін талқылау нәтижелері бойынша нотариусқа қатысты мынадай шешiмдер қабылданады: 
нотариустардың арасында оны одан әрі тарату мақсатында нотариустың оң тәжірибесін қорыту туралы; 
нотариусты көтермелеу туралы; 
Ар-ождан кодексіне сәйкес нотариусты тәртіптік жазаға тарту туралы; 
нотариустың заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайларда материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы; 
нотариустың лицензиясын айыру, күшiн тоқтата тұру немесе жою туралы лицензиарға ұсынымдар жiберу туралы.
Описание слайда:
Тексеріс нәтижелерін талқылау нәтижелері бойынша нотариусқа қатысты мынадай шешiмдер қабылданады: Тексеріс нәтижелерін талқылау нәтижелері бойынша нотариусқа қатысты мынадай шешiмдер қабылданады: нотариустардың арасында оны одан әрі тарату мақсатында нотариустың оң тәжірибесін қорыту туралы; нотариусты көтермелеу туралы; Ар-ождан кодексіне сәйкес нотариусты тәртіптік жазаға тарту туралы; нотариустың заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайларда материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы; нотариустың лицензиясын айыру, күшiн тоқтата тұру немесе жою туралы лицензиарға ұсынымдар жiберу туралы.

Слайд 8





2. Жекеше нотариустың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

		Мемлекеттік нотариустар қызмет бабында клиенттеріне келтірген мүліктік немесе жеке мүліктік емес зиян үшін мүліктік жауапкершілікті тиісті әділет департаменті мемлекеттік қазына есебінен көтереді. Ал жекеше нотариустар нотариалдық қызмет көрсету кезінде келтірілген зиянның орнын өздерінің мүліктік жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру арқылы жүзеге асырады.
Описание слайда:
2. Жекеше нотариустың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Мемлекеттік нотариустар қызмет бабында клиенттеріне келтірген мүліктік немесе жеке мүліктік емес зиян үшін мүліктік жауапкершілікті тиісті әділет департаменті мемлекеттік қазына есебінен көтереді. Ал жекеше нотариустар нотариалдық қызмет көрсету кезінде келтірілген зиянның орнын өздерінің мүліктік жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру арқылы жүзеге асырады.

Слайд 9





Жекеше нотариустың қызметiн сақтандырудың жалпы ережесі Нотариат туралы Заңның 16-бабында бекітілген. Жекеше нотариус нотариалдық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкер-шiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариалдық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. 
Жекеше нотариустың қызметiн сақтандырудың жалпы ережесі Нотариат туралы Заңның 16-бабында бекітілген. Жекеше нотариус нотариалдық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкер-шiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариалдық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. 
«Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңымен реттелінеді.
Описание слайда:
Жекеше нотариустың қызметiн сақтандырудың жалпы ережесі Нотариат туралы Заңның 16-бабында бекітілген. Жекеше нотариус нотариалдық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкер-шiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариалдық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандырудың жалпы ережесі Нотариат туралы Заңның 16-бабында бекітілген. Жекеше нотариус нотариалдық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкер-шiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариалдық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңымен реттелінеді.

Слайд 10





Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, алынбаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық төлемін төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады. 
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, алынбаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық төлемін төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
Описание слайда:
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, алынбаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық төлемін төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, алынбаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық төлемін төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады.

Слайд 11





		Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандыру сомасының мөлшерi шарттың талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қала, Астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген АЕК кем болмауға тиiс.
		Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандыру сомасының мөлшерi шарттың талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қала, Астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген АЕК кем болмауға тиiс.
Описание слайда:
Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандыру сомасының мөлшерi шарттың талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қала, Астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген АЕК кем болмауға тиiс. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандыру сомасының мөлшерi шарттың талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қала, Астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген АЕК кем болмауға тиiс.

Слайд 12





3. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi

		Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 7-бабы бойынша нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.
Описание слайда:
3. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 7-бабы бойынша нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.

Слайд 13





Нотариустың көмекшісі ретінде:
Нотариустың көмекшісі ретінде:
 ҚР азаматы ғана бола алады;
жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады;
Көмекшінің білімі, жасы жағынан заңнамада арнайы талаптар қойылмаған. (РФ-да нотариустың көмекшілерінің міндетті түрде жоғары құқықтық білімі және арнайы лицензиясы болу қажет).

Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам нотариуста тағылымдамадан өту қажет. Нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде:
жоғары заң білімі бар;
ҚР азаматтары бола алады. 
Тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда тағылымдамадан өтеді.
Описание слайда:
Нотариустың көмекшісі ретінде: Нотариустың көмекшісі ретінде: ҚР азаматы ғана бола алады; жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады; Көмекшінің білімі, жасы жағынан заңнамада арнайы талаптар қойылмаған. (РФ-да нотариустың көмекшілерінің міндетті түрде жоғары құқықтық білімі және арнайы лицензиясы болу қажет). Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам нотариуста тағылымдамадан өту қажет. Нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде: жоғары заң білімі бар; ҚР азаматтары бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда тағылымдамадан өтеді.

Слайд 14





		Тағылымдамадан өту Республикалық нотариалдық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 
		Тағылымдамадан өту Республикалық нотариалдық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 
		Заңгер мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл өтілі бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариалдық палатаның бiрлескен шешiмiмен тағылымдаманың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Тағылымдаманың ұзақтығы 3 айдан кем болмауы керек.
		Бір нотариустан бір мезгілде 2-ден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.
Описание слайда:
Тағылымдамадан өту Республикалық нотариалдық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өту Республикалық нотариалдық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Заңгер мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл өтілі бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариалдық палатаның бiрлескен шешiмiмен тағылымдаманың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Тағылымдаманың ұзақтығы 3 айдан кем болмауы керек. Бір нотариустан бір мезгілде 2-ден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.

Слайд 15





		Тағылымдамадан өту аяқталған соң тағылымдамадан өтуші қорытынды есеп дайындайды, есепте келесілер көрсетілуі тиіс: тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер; тағылымдамадан өту жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты; практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылар. 
		Тағылымдамадан өту аяқталған соң тағылымдамадан өтуші қорытынды есеп дайындайды, есепте келесілер көрсетілуі тиіс: тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер; тағылымдамадан өту жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты; практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылар. 
		Тағылымдамадан өту туралы сұхбаттасудың нәтижелері мен материалдарды қарау бойынша әділет департаменті мен нотариалдық палата өтілген тағылымдамаға оң баға берілген жағдайда қорытынды шығарады. Көрсетілген қорытынды бекітілген жағдайда тағылымдамадан өтуші тағылымдаманы өткен болып есептеледі.
		Тағылымдамадан өтпеген адам қайта тағылымдамадан өтуге жалпы негіздер бойынша жіберіледі.
Описание слайда:
Тағылымдамадан өту аяқталған соң тағылымдамадан өтуші қорытынды есеп дайындайды, есепте келесілер көрсетілуі тиіс: тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер; тағылымдамадан өту жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты; практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылар. Тағылымдамадан өту аяқталған соң тағылымдамадан өтуші қорытынды есеп дайындайды, есепте келесілер көрсетілуі тиіс: тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер; тағылымдамадан өту жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты; практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылар. Тағылымдамадан өту туралы сұхбаттасудың нәтижелері мен материалдарды қарау бойынша әділет департаменті мен нотариалдық палата өтілген тағылымдамаға оң баға берілген жағдайда қорытынды шығарады. Көрсетілген қорытынды бекітілген жағдайда тағылымдамадан өтуші тағылымдаманы өткен болып есептеледі. Тағылымдамадан өтпеген адам қайта тағылымдамадан өтуге жалпы негіздер бойынша жіберіледі.

Слайд 16





Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:
Назарларыңызға рахмет!



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию