Описание слайда:
Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.
Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.
Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.
Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.
Туынды сын есімнің жасалуы Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.
– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.