Описание слайда:
Гипертонияның клиникалық белгілері сан алуан. Кей кездерде тіптен белгісіз болуы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда ғана біледі. Гипертония асқынуына миға қан құйылу, жүрек етінің инфарктісі, көздің қан тамырлары шетінеуі жатады. Сондықтан 40 жастан асқаннан бастап әр кісі өзінің ішкі дүніесін тыңдай білуі керек. Бұл жағдайда кеселдің ең алғашқы белгілірін байқауға болады. Олар: тез шаршау, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, аздап бастың ауруы, әсіресе ауыр жұмыстан кейін, әлсіздік, беймазалық, кейде себепсіз көздің қараюы. Осы белгілердің біреуі немесе бірнешеуі білінген жағдайда дәрігерге қаралып, қан қысымын өлшету қажет.

Гипертония клиникасында заңдылық бар, ең негізгі белгісі бастың ауруы. Әсіресе түнде солқылдап, көз қарауытады. Сонан кейін бас айналып, лоқсиді.
Жүректе де өзгеріс байқалады, кеуденің сол жағы шаншиді, жүрек соғысы жиілеп, ауа жетпегендей сезінеді. Осы кезде аурудың сыртқы бейнесі де өзгереді, көз тамырлары қан талайды, бет күреңітеді, беймазалық және қорқыныш пайда болады. Бұл жағдайда қан қысымының деңгейі емес, қан тамырларының әлсіздігі қауыпты.