Қазақ елі-бай ел Погорелова Екатерина 1-077 ЖМ

Категория: Наши презентации


500500500500500500500500500500500500500500500500

Вы можете ознакомиться и скачать Қазақ елі-бай ел Погорелова Екатерина 1-077 ЖМ. Презентация содержит 16 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.


Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Описание слайда:
Қазақ елі-бай ел Погорелова Екатерина 1-077 ЖМ

Слайд 2
Описание слайда:
Қазақстан Республикасы көрікті жерлерге және қазба байлықтарға өте бай Қазақстан Республикасы көрікті жерлерге және қазба байлықтарға өте бай

Слайд 3
Описание слайда:
Қазақстанның қазба байлықтары Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Слайд 4
Описание слайда:
Тас көмір және қоңыр көмір Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.

Слайд 5
Описание слайда:
Мұнай мен табиғи газдар Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.

Слайд 6
Описание слайда:
Темір Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.

Слайд 7
Описание слайда:
Хромит Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.

Слайд 8
Описание слайда:
Алюминий Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады. Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

Слайд 9
Описание слайда:
Мыс Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады. Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Слайд 10
Описание слайда:
Алтын мен күміс Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған. Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.

Слайд 11
Описание слайда:
Қазақстанның көрікті жерлері

Слайд 12
Описание слайда:
Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді.

Слайд 13
Описание слайда:
Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.

Слайд 14
Описание слайда:
Көкшетау Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.

Слайд 15
Описание слайда:
Қорғалжын Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады

Слайд 16
Описание слайда:
Көлсай Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.



Похожие презентации

Mypresentation.ru

Загрузить презентацию