🗊Презентация Ұлттық діндер

Категория: Образование
Нажмите для полного просмотра!
Ұлттық діндер, слайд №1Ұлттық діндер, слайд №2Ұлттық діндер, слайд №3Ұлттық діндер, слайд №4Ұлттық діндер, слайд №5Ұлттық діндер, слайд №6Ұлттық діндер, слайд №7Ұлттық діндер, слайд №8Ұлттық діндер, слайд №9Ұлттық діндер, слайд №10Ұлттық діндер, слайд №11Ұлттық діндер, слайд №12Ұлттық діндер, слайд №13Ұлттық діндер, слайд №14Ұлттық діндер, слайд №15Ұлттық діндер, слайд №16Ұлттық діндер, слайд №17Ұлттық діндер, слайд №18Ұлттық діндер, слайд №19Ұлттық діндер, слайд №20Ұлттық діндер, слайд №21Ұлттық діндер, слайд №22Ұлттық діндер, слайд №23Ұлттық діндер, слайд №24Ұлттық діндер, слайд №25Ұлттық діндер, слайд №26Ұлттық діндер, слайд №27Ұлттық діндер, слайд №28Ұлттық діндер, слайд №29Ұлттық діндер, слайд №30

Содержание

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Ұлттық діндер. Доклад-сообщение содержит 30 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1






ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР
5 ТАҚЫРЫП
Описание слайда:
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР 5 ТАҚЫРЫП

Слайд 2





ҚАРАСТЫРАТЫН СҰРАҚТАР
Иудаизм: өзіндік ерекшеліктері мен басты ұстанымдары.
Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік. 
Жапония жеріндегі ұлттық дін – синтоизм.
Описание слайда:
ҚАРАСТЫРАТЫН СҰРАҚТАР Иудаизм: өзіндік ерекшеліктері мен басты ұстанымдары. Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік. Жапония жеріндегі ұлттық дін – синтоизм.

Слайд 3





ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР ҰҒЫМЫ 
«Ұлттық діндер» шартты ұғым. Оған ұлттық шеңберде туған, өзін тудырған этностармен байланысы үзілмеген діндерді айтуға болады, бірақ көбінесе тек белгілі бір этникалық топтардың немесе мемлекеттердің қазіргі діндері қарастырылады. Қазіргі ұлттық діндердің басым көпшілігі политеистік болып саналады, ертедегі діни ілімнің қағидаларын, культті сақтай алған.
Описание слайда:
ҰЛТТЫҚ ДІНДЕР ҰҒЫМЫ «Ұлттық діндер» шартты ұғым. Оған ұлттық шеңберде туған, өзін тудырған этностармен байланысы үзілмеген діндерді айтуға болады, бірақ көбінесе тек белгілі бір этникалық топтардың немесе мемлекеттердің қазіргі діндері қарастырылады. Қазіргі ұлттық діндердің басым көпшілігі политеистік болып саналады, ертедегі діни ілімнің қағидаларын, культті сақтай алған.

Слайд 4





ИУДАИЗМ
Иудаизм - Яһудилік  - иудейлік дін тарихы б.з.д.  екінші мыңжылдықтар басынан басталатын, адамзаттың рухани дамуында маңызды рөл атқарған ежелгі монотеистік дін.  Ол Палестина аймағында өмір сүрген семит (еврей) тайпаларының арасында пайда болған. «Иудаизм»  (иврит тілінде «яаадут») – Інжілде айтылғандай 12 израил буынының ішіндегі ең көп тараған Яһуда тайпа бірлестігінің атауынан бастау алады. Яһуда, «Йехуда»  - Құдайды мадақтау деген еврей сөзі. 
Бұл еврейлердің  ішінде яһуда руы ерекшеленіп, «яһуда» мен «еврей» сөздерінің тең мағыналылығын туғызды.
Описание слайда:
ИУДАИЗМ Иудаизм - Яһудилік - иудейлік дін тарихы б.з.д. екінші мыңжылдықтар басынан басталатын, адамзаттың рухани дамуында маңызды рөл атқарған ежелгі монотеистік дін. Ол Палестина аймағында өмір сүрген семит (еврей) тайпаларының арасында пайда болған. «Иудаизм» (иврит тілінде «яаадут») – Інжілде айтылғандай 12 израил буынының ішіндегі ең көп тараған Яһуда тайпа бірлестігінің атауынан бастау алады. Яһуда, «Йехуда» - Құдайды мадақтау деген еврей сөзі. Бұл еврейлердің ішінде яһуда руы ерекшеленіп, «яһуда» мен «еврей» сөздерінің тең мағыналылығын туғызды.

Слайд 5


Ұлттық діндер, слайд №5
Описание слайда:

Слайд 6





Палестина жеріндегі семиттер
Описание слайда:
Палестина жеріндегі семиттер

Слайд 7





ИУДАИЗМ
Аңызға  сәйкес Құдай - Яхве барлық семит халықтарына өзінің заңдарын қабылдауға ұсыныс жасаған, бірақ Құдайдың үндеуіне Исраил тайпалары ғана өздерінің Жаратушысымен тірі парыз қатынасына түсуге келісім береді. Сондықтан «исраил» шақыруға үн қосқандардың барлығының, бір құдайды мойындағандардың және Тора (Таурат) - заң кітабы (ежелгі еврей тілінде Бескітап) немесе Құдайдың птриархтарға, Мұса мен пайғамбарларға берген ілімі арқылы бірігуі дегенді білдіреді. 
Иудаизм діні барлық еврейлерді біріктірген ұлттық идеяға айналды. Ол әртүрлі ағымдармен (фарисейлер, кітапқұмарлар, саддуктер, ессейлер, зелоттар) күрес барысында қалыптасты.
Описание слайда:
ИУДАИЗМ Аңызға сәйкес Құдай - Яхве барлық семит халықтарына өзінің заңдарын қабылдауға ұсыныс жасаған, бірақ Құдайдың үндеуіне Исраил тайпалары ғана өздерінің Жаратушысымен тірі парыз қатынасына түсуге келісім береді. Сондықтан «исраил» шақыруға үн қосқандардың барлығының, бір құдайды мойындағандардың және Тора (Таурат) - заң кітабы (ежелгі еврей тілінде Бескітап) немесе Құдайдың птриархтарға, Мұса мен пайғамбарларға берген ілімі арқылы бірігуі дегенді білдіреді. Иудаизм діні барлық еврейлерді біріктірген ұлттық идеяға айналды. Ол әртүрлі ағымдармен (фарисейлер, кітапқұмарлар, саддуктер, ессейлер, зелоттар) күрес барысында қалыптасты.

Слайд 8





ЯХВЕ ҚҰДАЙ
Яхве (Яху, Яго, Иеһова, Адонай) бастапқыда исраилдік политеистік пантеонда айрықша құрметтелген. Бұл есімді жұрт ежелгі құдай атын атауға болмайды деген түсінік бойынша атамайтын, оның орнына Адонай (менің тәңірім) дейтін, кейін яһудилік көне өсиет дәстүрлерін орындаушылар дауысты дыбыстардың таңбаларын ойлап тапқанда Яхве мен Адонай сөздерінің дауыстылары қосылып, Йехева (Иегева) сөзі шыққан. 
Ол жақсылықпен байланысты, жерді жаратушы, найзағай атушы, берекелі жаңбыр беруші құдай болды, кейін оның басты құдай болуымен байланысты басқа құдайлардың қасиеттері оған берілді. Ол әділетті Құдай саналды. Ол күнәліллерге өлім жіберіп, нағыз діндарларды қолдап отырған. Яхве өзінің заңдарын мойындамағандарды қатаң жазалап, ал  заңдарды мойындағандарды қолдаған. Ол өзі таңдаған еврей халқы үшін оларды жақсы көретін, әрдайым қолдайтын Құдай болды. Яхве еврейлермен ерекше одақ құрып, тек соларды ғана өзінің халқы санады.
Описание слайда:
ЯХВЕ ҚҰДАЙ Яхве (Яху, Яго, Иеһова, Адонай) бастапқыда исраилдік политеистік пантеонда айрықша құрметтелген. Бұл есімді жұрт ежелгі құдай атын атауға болмайды деген түсінік бойынша атамайтын, оның орнына Адонай (менің тәңірім) дейтін, кейін яһудилік көне өсиет дәстүрлерін орындаушылар дауысты дыбыстардың таңбаларын ойлап тапқанда Яхве мен Адонай сөздерінің дауыстылары қосылып, Йехева (Иегева) сөзі шыққан. Ол жақсылықпен байланысты, жерді жаратушы, найзағай атушы, берекелі жаңбыр беруші құдай болды, кейін оның басты құдай болуымен байланысты басқа құдайлардың қасиеттері оған берілді. Ол әділетті Құдай саналды. Ол күнәліллерге өлім жіберіп, нағыз діндарларды қолдап отырған. Яхве өзінің заңдарын мойындамағандарды қатаң жазалап, ал заңдарды мойындағандарды қолдаған. Ол өзі таңдаған еврей халқы үшін оларды жақсы көретін, әрдайым қолдайтын Құдай болды. Яхве еврейлермен ерекше одақ құрып, тек соларды ғана өзінің халқы санады.

Слайд 9





ИУДАИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Құдай бар. 
2. Құдай жалғыз.
 3. Құдайдың тәні жоқ. 
4. Құдай мәңгі. 
5. Яһудейлер тек бір Құдайдың өзіне табынуға тиіс.
 6. Құдаймен тек пайғамбарлар арқылы ғана байланысуға болады. 
7. Мұса-пайғамбарлардың ең даңқтысы.
 8. Таурат (Тора) тәңірдің ықыласы түскеннен кейін пайда болған. 
9. Таурат ешқашанда өз мағынасын жоймайды. 
10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекеттерін біледі.
 11. Құдай жамандықты қаралайды, ал жақсылыққа батасын береді. 
12. Құдай өзінің Мәсіхін (құтқарушысын) жібереді.
 13. Құдай өлгендерді тірілтеді.
Описание слайда:
ИУДАИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Құдай бар. 2. Құдай жалғыз. 3. Құдайдың тәні жоқ. 4. Құдай мәңгі. 5. Яһудейлер тек бір Құдайдың өзіне табынуға тиіс. 6. Құдаймен тек пайғамбарлар арқылы ғана байланысуға болады. 7. Мұса-пайғамбарлардың ең даңқтысы. 8. Таурат (Тора) тәңірдің ықыласы түскеннен кейін пайда болған. 9. Таурат ешқашанда өз мағынасын жоймайды. 10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекеттерін біледі. 11. Құдай жамандықты қаралайды, ал жақсылыққа батасын береді. 12. Құдай өзінің Мәсіхін (құтқарушысын) жібереді. 13. Құдай өлгендерді тірілтеді.

Слайд 10





ИУДАИЗМНІҢ ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ – ТАНАХ 
Танах  иврит тілінде жазылған, христиандар оны «Көне өсиет» деп атайды. Танахтың құрамына б.д.д. XIII-XII ғғ. -  II ғ. аралығында жазылған 50 кітап кіреді. Танах үш бөлімнен тұрады: Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап), Нэ- биим (Пайғамбарлар) (жеті кітап), Кэтувиим (Жазба) (он екі кітап). Онда әлемнің  және адамның жаратылуы, Құдайдың өсиеттері және еврей халқының пайда болғанынан бастап, «Екінші храмдық ғасыр» басталғанға дейіргі уақытта болған оқиғалар баяндалады. Еврейлер бұл кітаптарды қасиетті рух дарыған адамдарға «руах акодеш» берілгендіктен қасиетті кітаптар деп санайды.
Описание слайда:
ИУДАИЗМНІҢ ҚАСИЕТТІ КІТАБЫ – ТАНАХ Танах иврит тілінде жазылған, христиандар оны «Көне өсиет» деп атайды. Танахтың құрамына б.д.д. XIII-XII ғғ. - II ғ. аралығында жазылған 50 кітап кіреді. Танах үш бөлімнен тұрады: Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап), Нэ- биим (Пайғамбарлар) (жеті кітап), Кэтувиим (Жазба) (он екі кітап). Онда әлемнің және адамның жаратылуы, Құдайдың өсиеттері және еврей халқының пайда болғанынан бастап, «Екінші храмдық ғасыр» басталғанға дейіргі уақытта болған оқиғалар баяндалады. Еврейлер бұл кітаптарды қасиетті рух дарыған адамдарға «руах акодеш» берілгендіктен қасиетті кітаптар деп санайды.

Слайд 11





ТОРА – ТАУРАТ

Тора (иврит тілінде - заң)– Иудаизмдегі ең негізгі, ең көп оқылатын кітап. Тораның барлық нұсқа-данасы ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін теріге қолмен жазылып келген. Тора синагогалардағы (яһудилердің құлшылық үйлері) ерекше орындарда сақталған. Әлемнің барлық елдеріндегі раввиндер Құдайға құлшылық етер алдында Тораны сүйіп, оның ережелерін ізгі тұтатын болған. Дін ілімін танушылар оның жарыққа шыққаны үшін Құдай және Мұса пайғамбарға мадақ айтады. Олар Құдай Тораны Мұса пайғамбар арқылы жеткізді деп санайды.
Описание слайда:
ТОРА – ТАУРАТ Тора (иврит тілінде - заң)– Иудаизмдегі ең негізгі, ең көп оқылатын кітап. Тораның барлық нұсқа-данасы ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін теріге қолмен жазылып келген. Тора синагогалардағы (яһудилердің құлшылық үйлері) ерекше орындарда сақталған. Әлемнің барлық елдеріндегі раввиндер Құдайға құлшылық етер алдында Тораны сүйіп, оның ережелерін ізгі тұтатын болған. Дін ілімін танушылар оның жарыққа шыққаны үшін Құдай және Мұса пайғамбарға мадақ айтады. Олар Құдай Тораны Мұса пайғамбар арқылы жеткізді деп санайды.

Слайд 12





ТАЛМУТ
Талмуд – бірнеше кітап-томнан тұрады. Талмудта екі бөлім бар. Бірінші бөлім – Мишна (қайталау). Бұл – Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым және 248 бұйрық әмірлер жинақталған яһудилік әдет-ғұрыптар жүйесі түзілген.
Описание слайда:
ТАЛМУТ Талмуд – бірнеше кітап-томнан тұрады. Талмудта екі бөлім бар. Бірінші бөлім – Мишна (қайталау). Бұл – Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым және 248 бұйрық әмірлер жинақталған яһудилік әдет-ғұрыптар жүйесі түзілген.

Слайд 13





Таурат пен Талмудта барлық салттар мен ережелер айқын жазылған: 
– сүндетке отырғызу ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл – Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель (сүндетке отырғызушы) атқарады.
 – сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі – шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды (малаха); Іс-әрекеттің шұғыл түрлеріне: (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б.) рұқсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б. Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отанасының батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы синагогаға барады. Үйіне келген соң ол балаларына бата береді және әйелін Соломонның (Сүлеймен) Өсиет кітабының 31-тарауының сөздерімен мадақтайды. Отбасы сенбілік тамақ ішуге кіріседі. Тамақ ішер алдында нан және шарап негізінде бата жаса- лады. Шаббат күні от жағуға болмайды. Егер от бұрыннан жанып тұрса, онда жанып тұра береді.
Описание слайда:
Таурат пен Талмудта барлық салттар мен ережелер айқын жазылған: – сүндетке отырғызу ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл – Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель (сүндетке отырғызушы) атқарады. – сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі – шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға болмайды (малаха); Іс-әрекеттің шұғыл түрлеріне: (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б.) рұқсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б. Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отанасының батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы синагогаға барады. Үйіне келген соң ол балаларына бата береді және әйелін Соломонның (Сүлеймен) Өсиет кітабының 31-тарауының сөздерімен мадақтайды. Отбасы сенбілік тамақ ішуге кіріседі. Тамақ ішер алдында нан және шарап негізінде бата жаса- лады. Шаббат күні от жағуға болмайды. Егер от бұрыннан жанып тұрса, онда жанып тұра береді.

Слайд 14


Ұлттық діндер, слайд №14
Описание слайда:

Слайд 15


Ұлттық діндер, слайд №15
Описание слайда:

Слайд 16





Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік
Даосизм -  б.э.д. 6-5 ғ. қалыптасқан ілім . Бұл ілімнің негізін салушы Лао-цзы. Мұнда қоғамдық мәселелерге аз көңіл бөлінді. Лао цзының шын аты Ли Эр еді. Ол Чу патшалығында білімді топта туылған. Ол патша сарайындағы император мұрағатының қорғаушы қызметкері еді. Не себепті қызметтен босағанын білмейміз, одан кейінгі өмірі аңызға толы. Рухани тазаруға жетіп, батыс шекарада ғайып болған деседі, бірақ шекарадағы қарауылға 5000 сөзден  тұратын трактат айтып жазғызған. Ол трактат бүгін «Дао-дэ-цзин» - «Дао мен дэ туралы қағида» деген атпен белгілі.
Описание слайда:
Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік Даосизм - б.э.д. 6-5 ғ. қалыптасқан ілім . Бұл ілімнің негізін салушы Лао-цзы. Мұнда қоғамдық мәселелерге аз көңіл бөлінді. Лао цзының шын аты Ли Эр еді. Ол Чу патшалығында білімді топта туылған. Ол патша сарайындағы император мұрағатының қорғаушы қызметкері еді. Не себепті қызметтен босағанын білмейміз, одан кейінгі өмірі аңызға толы. Рухани тазаруға жетіп, батыс шекарада ғайып болған деседі, бірақ шекарадағы қарауылға 5000 сөзден тұратын трактат айтып жазғызған. Ол трактат бүгін «Дао-дэ-цзин» - «Дао мен дэ туралы қағида» деген атпен белгілі.

Слайд 17





ДАОСИЗМ
Дао-дэ-цзин аудармалары өте көп, иероглифтердің көпмағыналы болуы, идеяларды түсінікті беру үшін аудармашылардың қосымша жорамал мағыналарды енгізуі нәтижелердің алшақтығына әкелді. Бұл еңбекте басты идея табиғат пен адамдардың өмірі «аспан еркінде» емес, ол дао жолымен өтеді. Дао – бастапқы себеп, соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, барлығы одан жаралған және соңында даоға қайта оралады. Ол мәңгілік және шексіз. Даосизмнің рәміздері – Янь мен Инь. 
Даосизм ілімінде – әлем  бес алғашқы элементтен тұрады: -топырақ, ағаш, металл, от, су.
Даосизм діні бойынша: - әлемде табиғи бұзылмайтын реттілік бар;
-адам сырттай бақылаушы ғана;
- ешкім дао заңын толық білмегендіктен ең абзалы – «у-вэй» – «әрекетсіздік» жолын ұстану. Тек осы «әрекетсіздік» қана еркіндікке, бақытқа, гүлденуге, жетістікке әкеледі.  «Өмір» жалған, «өлім»  - даоға қайту, жанның шынайы ойы – бастапқы болмысқа қайту. 
 - даоның нақты көрінісі  тек «дэ» (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады. Егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. 
 - тақуаның мақсаты  - даоны тану, ол оны ғарыш үйлесімділігі, адамның табиғатпе қауышуы деп түсінеді.
Описание слайда:
ДАОСИЗМ Дао-дэ-цзин аудармалары өте көп, иероглифтердің көпмағыналы болуы, идеяларды түсінікті беру үшін аудармашылардың қосымша жорамал мағыналарды енгізуі нәтижелердің алшақтығына әкелді. Бұл еңбекте басты идея табиғат пен адамдардың өмірі «аспан еркінде» емес, ол дао жолымен өтеді. Дао – бастапқы себеп, соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, барлығы одан жаралған және соңында даоға қайта оралады. Ол мәңгілік және шексіз. Даосизмнің рәміздері – Янь мен Инь. Даосизм ілімінде – әлем бес алғашқы элементтен тұрады: -топырақ, ағаш, металл, от, су. Даосизм діні бойынша: - әлемде табиғи бұзылмайтын реттілік бар; -адам сырттай бақылаушы ғана; - ешкім дао заңын толық білмегендіктен ең абзалы – «у-вэй» – «әрекетсіздік» жолын ұстану. Тек осы «әрекетсіздік» қана еркіндікке, бақытқа, гүлденуге, жетістікке әкеледі. «Өмір» жалған, «өлім» - даоға қайту, жанның шынайы ойы – бастапқы болмысқа қайту. - даоның нақты көрінісі тек «дэ» (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады. Егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. - тақуаның мақсаты - даоны тану, ол оны ғарыш үйлесімділігі, адамның табиғатпе қауышуы деп түсінеді.

Слайд 18





Даосизмнің дінге айналуы шығыстық Хан дәуірінде ( б.з.25-219 жылдары) болды. Өйткені:
Даосизмнің дінге айналуы шығыстық Хан дәуірінде ( б.з.25-219 жылдары) болды. Өйткені:
- Қытай Цин әулетінің астына біріктірілгеннен кейін билікке келген Хан әулетіне  даосизм идеяларын халық арасына таратушы жалдамалы мемлекеттік қайраткерлер мен саяси кеңесшілердің керегі болмай қалды, енді олар ем-дом жасау, бал ашу сияқты өнерлерімен күнкөріс амалын жасады. Олар өз бетінше әрекет ететін екі топқа бөлінді: магия мен өмір сүруді ұзарту мен ажалсыздыққа қол жеткізуге машықтанады. 
2.Бұл—рухтардың иерархиясына сену және құрбандықтар шалу арқылы рухтарды қастерлеуді іске асыру. Бұл ұйымдасқан діннің формасын өзінің ғаламдық сүйіспеншілік пен өзін құрбан ету идеясын  уағыздаумен аты шыққан аспан мен рухтар культін қастерлеген Мо-цзы қолдаған еді. Хан әулетінің кезінде мошылардың ықпалы жойылғанмен рухтарға арналған алтарьлар қалды, сөйтіп даосизмде өз алтарьлары мен діни көшбасшылары пайда болды. 
3.Чжоу әулеті тұсында салт-дәстүрлерді, рәсімдерді сарай шамандары іске асыратын. Шамандардың сахнадан кетуі діни мейрамдардың жай мерекелерге айналуына себеп болды. Шамандардың орнын фан ши сиқыршылары басты, Хань дәуірінде даосизм өз рәсімдері бар дін ретінде орнығуға мүмкіндік алды.
Описание слайда:
Даосизмнің дінге айналуы шығыстық Хан дәуірінде ( б.з.25-219 жылдары) болды. Өйткені: Даосизмнің дінге айналуы шығыстық Хан дәуірінде ( б.з.25-219 жылдары) болды. Өйткені: - Қытай Цин әулетінің астына біріктірілгеннен кейін билікке келген Хан әулетіне даосизм идеяларын халық арасына таратушы жалдамалы мемлекеттік қайраткерлер мен саяси кеңесшілердің керегі болмай қалды, енді олар ем-дом жасау, бал ашу сияқты өнерлерімен күнкөріс амалын жасады. Олар өз бетінше әрекет ететін екі топқа бөлінді: магия мен өмір сүруді ұзарту мен ажалсыздыққа қол жеткізуге машықтанады. 2.Бұл—рухтардың иерархиясына сену және құрбандықтар шалу арқылы рухтарды қастерлеуді іске асыру. Бұл ұйымдасқан діннің формасын өзінің ғаламдық сүйіспеншілік пен өзін құрбан ету идеясын уағыздаумен аты шыққан аспан мен рухтар культін қастерлеген Мо-цзы қолдаған еді. Хан әулетінің кезінде мошылардың ықпалы жойылғанмен рухтарға арналған алтарьлар қалды, сөйтіп даосизмде өз алтарьлары мен діни көшбасшылары пайда болды. 3.Чжоу әулеті тұсында салт-дәстүрлерді, рәсімдерді сарай шамандары іске асыратын. Шамандардың сахнадан кетуі діни мейрамдардың жай мерекелерге айналуына себеп болды. Шамандардың орнын фан ши сиқыршылары басты, Хань дәуірінде даосизм өз рәсімдері бар дін ретінде орнығуға мүмкіндік алды.

Слайд 19


Ұлттық діндер, слайд №19
Описание слайда:

Слайд 20





КОНФУЦИЙ ДІНІ
Негізін қалаған Конфуций (б.з.д. 551-479) «ұстаз Кун» Лу патшалығында (Қытайдың қазіргі Шаньдун провинциясы) туылып, сонда қайтыс болған. Өз аты Цю, Кун рулық аты. Әкесі 3 жаста қайтыс болып, анасы оны жалғыз асырайды. Олар өте кедей болады, Цю 15 жасында ғалым болуға шешім қабылдайды. 19 жасында үйленіп, одан 1 ұл, 2 қызды болады. Өзі оқыған ерте замандардағы кітаптардағы идеяларды жүзеге асыру үшін ол мемлекеттік қызметке тұрып, 10 жылдан кейін өз идеяларын насихаттау жолына түседі. Қытай билеушілері оның нақты ұсыныстарынан бас тартады. Лу патшалығына 70-ке толған кезінде оралып, әрқайсысы бірнеше кітаптардан тұратын «Бес қағида» (Шу-цзин-тарих кітабы, ши-цзин-өлеңдер кітабы, и-цзин- өзгерістер кітабы, чунь Цю-көктем және күз кітабы, ли-цзин-рәсімдер кітабы), «Төрт кітап» (лунь юй-Конфуций таңдамалылары, чжун юн-ақиқат туралы ілім, да сюэ-ұлы ілім, мен-цзы-Мен-цзының еңбегі) деген еңбектерін қалдырады. Бүгінгі күнге дейін олардың қайсысын  Кунфуцийдің  өзінің  жазғаны, қайсысын шәкірттері жазғаны белгісіз.  Оның ілімі ІХ ғасырда буддизмді, ХІ ғасырда даосизмді жеңіп, Қытайдың ресми дініне айналды.
Описание слайда:
КОНФУЦИЙ ДІНІ Негізін қалаған Конфуций (б.з.д. 551-479) «ұстаз Кун» Лу патшалығында (Қытайдың қазіргі Шаньдун провинциясы) туылып, сонда қайтыс болған. Өз аты Цю, Кун рулық аты. Әкесі 3 жаста қайтыс болып, анасы оны жалғыз асырайды. Олар өте кедей болады, Цю 15 жасында ғалым болуға шешім қабылдайды. 19 жасында үйленіп, одан 1 ұл, 2 қызды болады. Өзі оқыған ерте замандардағы кітаптардағы идеяларды жүзеге асыру үшін ол мемлекеттік қызметке тұрып, 10 жылдан кейін өз идеяларын насихаттау жолына түседі. Қытай билеушілері оның нақты ұсыныстарынан бас тартады. Лу патшалығына 70-ке толған кезінде оралып, әрқайсысы бірнеше кітаптардан тұратын «Бес қағида» (Шу-цзин-тарих кітабы, ши-цзин-өлеңдер кітабы, и-цзин- өзгерістер кітабы, чунь Цю-көктем және күз кітабы, ли-цзин-рәсімдер кітабы), «Төрт кітап» (лунь юй-Конфуций таңдамалылары, чжун юн-ақиқат туралы ілім, да сюэ-ұлы ілім, мен-цзы-Мен-цзының еңбегі) деген еңбектерін қалдырады. Бүгінгі күнге дейін олардың қайсысын Кунфуцийдің өзінің жазғаны, қайсысын шәкірттері жазғаны белгісіз. Оның ілімі ІХ ғасырда буддизмді, ХІ ғасырда даосизмді жеңіп, Қытайдың ресми дініне айналды.

Слайд 21


Ұлттық діндер, слайд №21
Описание слайда:

Слайд 22





Конфуцийліктің діни-философиялық негізі алты қағидасы
1. Аспан (Тянь) -  ұлы бастау, жоғары тәңірі. 
2.Тянь культі бойынша әркім өз міндетіне сай жоғарыдағыларға қатаң бағынуы тиіс. 
3.Ата-баба культі.  Ол бойынша өлгендердің рухтары отбасы ошағын тастап кетпейді, олардың бас иіп құрметтегенін күткен тірі туысқаны болып қала береді. Әр отбасының өз ата-бабаларының ғибадатханалары (мяо), болмаса ата-бабаларын бейнелейтін қуыршақтар немесе олардың аты-жөндері қара түсті нәрсеге қызыл иероглифтермен жазылған тақтайшалар қойылған шағын альтарлары болады. Ата-бабалар культінде абыздар болып отбасының жасы үлкендері тағайындалатын, ал салт-жоралғылар отбасындағы ірі оқиғаларға атқарылған. Өмірдегі әр маңызды қадам туралы ата-бабаларды хабардар етіп, олардан рұқсат сұрап, бата алу міндетті болған. Бабаларға қан шығарылмаған тамақ түрінде құрбандық беретін, кей кезде ризалық үшін ақша да берілетін, бірақ кейін үнемшіл қытайлықтар оларды суреттерімен алмастырды.
Описание слайда:
Конфуцийліктің діни-философиялық негізі алты қағидасы 1. Аспан (Тянь) - ұлы бастау, жоғары тәңірі. 2.Тянь культі бойынша әркім өз міндетіне сай жоғарыдағыларға қатаң бағынуы тиіс. 3.Ата-баба культі. Ол бойынша өлгендердің рухтары отбасы ошағын тастап кетпейді, олардың бас иіп құрметтегенін күткен тірі туысқаны болып қала береді. Әр отбасының өз ата-бабаларының ғибадатханалары (мяо), болмаса ата-бабаларын бейнелейтін қуыршақтар немесе олардың аты-жөндері қара түсті нәрсеге қызыл иероглифтермен жазылған тақтайшалар қойылған шағын альтарлары болады. Ата-бабалар культінде абыздар болып отбасының жасы үлкендері тағайындалатын, ал салт-жоралғылар отбасындағы ірі оқиғаларға атқарылған. Өмірдегі әр маңызды қадам туралы ата-бабаларды хабардар етіп, олардан рұқсат сұрап, бата алу міндетті болған. Бабаларға қан шығарылмаған тамақ түрінде құрбандық беретін, кей кезде ризалық үшін ақша да берілетін, бірақ кейін үнемшіл қытайлықтар оларды суреттерімен алмастырды.

Слайд 23


Ұлттық діндер, слайд №23
Описание слайда:

Слайд 24


Ұлттық діндер, слайд №24
Описание слайда:

Слайд 25





СИНТОИЗМ
Жапонияның дәстүрлі діні. Жапонша ол каминомити (құдайлар жолы) деп аталады.  Бірақ европалық тілдерге бұл діннің қытайша синто деген атауы  бар. Бұл жапондықтардың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен сенімдерінің қосындысынан туған дін. Ол политеистік сипаттағы, басқа діндерге қарсылық білдірмейтін,  негізін қалаушысы жоқ, бегілі бір тарихи оқиғаға негізделмеген дін.  Маңызды үш аспектіні: табиғат сұлулығымен байланысын, көзге көрінбейтін әлеммен ынтымағын, тазару салттарын атай отырып, бұл дінге сипаттама беруге болады.
Описание слайда:
СИНТОИЗМ Жапонияның дәстүрлі діні. Жапонша ол каминомити (құдайлар жолы) деп аталады. Бірақ европалық тілдерге бұл діннің қытайша синто деген атауы бар. Бұл жапондықтардың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен сенімдерінің қосындысынан туған дін. Ол политеистік сипаттағы, басқа діндерге қарсылық білдірмейтін, негізін қалаушысы жоқ, бегілі бір тарихи оқиғаға негізделмеген дін. Маңызды үш аспектіні: табиғат сұлулығымен байланысын, көзге көрінбейтін әлеммен ынтымағын, тазару салттарын атай отырып, бұл дінге сипаттама беруге болады.

Слайд 26





СИНТОИЗМДЕГІ ҚҰДІРЕТТІ КҮШ ТҮСІНІГІ
Жапондықтар құдай, тіңір, рух, қасиетті, қорқынышты, күшті деген сөздерді «ками» ұғымымен анықтайды. «Ками»   (жапон тілінде – құдай, тәңірі)- жоғары деңгейдегі табиғаттан тыс мән.  Ол жаратушы құдайлар деген ұғыммен қатар рухтар дегенді білдіреді. Ками табиғаттағы барлық нәрсеге тән тірі бастама, ерекше энергия. 
Камилердің түрлері: 
- табиғат рухтары (тау, өзен, жел, жауын және т.б. камилері)
- ками деп жарияланған ерекше тұлғалар
- табиғатта және адамдарда бар күштер мен қасиеттер
-ата-баба рухтары
Синтоизмде дүниенің үш бөлігі  - аспан, жер, жер асты  тәңірлерге толы.
Описание слайда:
СИНТОИЗМДЕГІ ҚҰДІРЕТТІ КҮШ ТҮСІНІГІ Жапондықтар құдай, тіңір, рух, қасиетті, қорқынышты, күшті деген сөздерді «ками» ұғымымен анықтайды. «Ками» (жапон тілінде – құдай, тәңірі)- жоғары деңгейдегі табиғаттан тыс мән. Ол жаратушы құдайлар деген ұғыммен қатар рухтар дегенді білдіреді. Ками табиғаттағы барлық нәрсеге тән тірі бастама, ерекше энергия. Камилердің түрлері: - табиғат рухтары (тау, өзен, жел, жауын және т.б. камилері) - ками деп жарияланған ерекше тұлғалар - табиғатта және адамдарда бар күштер мен қасиеттер -ата-баба рухтары Синтоизмде дүниенің үш бөлігі - аспан, жер, жер асты тәңірлерге толы.

Слайд 27


Ұлттық діндер, слайд №27
Описание слайда:

Слайд 28


Ұлттық діндер, слайд №28
Описание слайда:

Слайд 29


Ұлттық діндер, слайд №29
Описание слайда:

Слайд 30





СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ
Иудаизм дінінің қалыптасуы және негізгі ерекшеліктері.
Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік. 
Синтоизм.
Описание слайда:
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ Иудаизм дінінің қалыптасуы және негізгі ерекшеліктері. Қытай елінің діндері: даосизм, конфуцийлік. Синтоизм.



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию