Описание слайда:
Лимонның құрамы:
А, B, B1, B2, E, D,РР -дәрумендері, магний, калий, кальций, натрий,фосфор,марганец, пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар.
Пайдасы:
Бактерияға, ауырсынуды басатын бұл жеміс, зәр, өт айдайтын әрі тыныштандыратын қасиеті бар. Тыныс жолдары қабынғанда, асқазан, жүрек қан тамырлар жүйесі, авитаминоз, туберкулез, ауыз қуыстары қабынғанда, терідегі жұқпалы дерт, ревматизм сырқаттарына шипа. Жемістің мәйегі, шырыны, қабығы, дәнін ауруларды емдеуде қолданады.
Зияны:
Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.