Описание слайда:
3. заңи кепілдіктер – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар. Нақты айтсақ, әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттің қорғау міндеті, құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың өзінің қорғау механизмінің болуы (арыздану, БАҚ-на жолдану, т.б.), соттық қорғау, халықаралық қорғау, зиянды өтеу т.б. Құқықтар мен бостандықтардың заңи кепілдіктері жеке адамға берілген бірқатар құқықтарда да байқалады. Мысалы, сот арқылы қорғалу құқығы, өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы, ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы, кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алу құқығы... Бұл құқықтар легі адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шынайы жүзеге асыруға бағытталған.