🗊Презентация Халықаралық шарттар құқығы

Категория: Юриспруденция
Нажмите для полного просмотра!
Халықаралық шарттар құқығы, слайд №1Халықаралық шарттар құқығы, слайд №2Халықаралық шарттар құқығы, слайд №3Халықаралық шарттар құқығы, слайд №4Халықаралық шарттар құқығы, слайд №5Халықаралық шарттар құқығы, слайд №6Халықаралық шарттар құқығы, слайд №7Халықаралық шарттар құқығы, слайд №8Халықаралық шарттар құқығы, слайд №9

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Халықаралық шарттар құқығы. Доклад-сообщение содержит 9 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации


Слайд 1





презентация
Орындаған: Құттыбай Ұ.
Қабылдаған: Тастанбеков Б.
Описание слайда:
презентация Орындаған: Құттыбай Ұ. Қабылдаған: Тастанбеков Б.

Слайд 2





	Халықаралық келісімшарт құқығы – халықаралық келісімшартты тудыру, әрекет етуі мен тоқтату туралы нормалардан тұратын халықаралық құқықтың саласы.
	Халықаралық келісімшарт құқығы – бұл халықаралық құқықтың кодификацияланған саласы.
	Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздері:
- 1969ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы;
-1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы.
	Осы құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау және әрекетін тоқтату тәртібін реттейді.
	Халықаралық келісімшарт – бұл мемлекеттер арасындағы және/немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы жазбаша немесе ауызша нысанда жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.
	Халықаралық шарт адамның негізгі құқығы мен бостандығын қорғауда, мемлекеттердің және халықаралық құқықтың субъектілерінің, басқа да субъектілердің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық шарттар құқығы
Описание слайда:
Халықаралық келісімшарт құқығы – халықаралық келісімшартты тудыру, әрекет етуі мен тоқтату туралы нормалардан тұратын халықаралық құқықтың саласы. Халықаралық келісімшарт құқығы – бұл халықаралық құқықтың кодификацияланған саласы. Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздері: - 1969ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы; -1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы. Осы құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау және әрекетін тоқтату тәртібін реттейді. Халықаралық келісімшарт – бұл мемлекеттер арасындағы және/немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы жазбаша немесе ауызша нысанда жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім. Халықаралық шарт адамның негізгі құқығы мен бостандығын қорғауда, мемлекеттердің және халықаралық құқықтың субъектілерінің, басқа да субъектілердің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық шарттар құқығы

Слайд 3





	Халықаралық шарттардың әр түрлі атауы бар – пакт, конвенция, хаттама, келісім. Келісімшарттың заңды күші оның атауына байланысты болмайды.
	Халықаралық келісімшарт субъектілері. Халықаралық құқықтың барлық субъектілері халықаралық келісімшартты жасасуға құқықтық қабілетті. /Бірақта осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен және басқа да императивті нормалармен шектелген. Сонымен қатар, негізгі (егеменді) субъектілер халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын кез келген сұрақ бойынша шарт жасасуға құқылы, сонда халықаралық құқықтың туынды (егеменді емес) субъектілерінің құқық қабілеттілігі олардың құрылтай құжаттарымен, атап айтқанда, халықаралық ұйымдардың Жарғысымен шектелген.
Описание слайда:
Халықаралық шарттардың әр түрлі атауы бар – пакт, конвенция, хаттама, келісім. Келісімшарттың заңды күші оның атауына байланысты болмайды. Халықаралық келісімшарт субъектілері. Халықаралық құқықтың барлық субъектілері халықаралық келісімшартты жасасуға құқықтық қабілетті. /Бірақта осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен және басқа да императивті нормалармен шектелген. Сонымен қатар, негізгі (егеменді) субъектілер халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын кез келген сұрақ бойынша шарт жасасуға құқылы, сонда халықаралық құқықтың туынды (егеменді емес) субъектілерінің құқық қабілеттілігі олардың құрылтай құжаттарымен, атап айтқанда, халықаралық ұйымдардың Жарғысымен шектелген.

Слайд 4






1) субъектілерінің сипаты бойынша:
- мемлекет аралық;
- үкімет аралық;
- ведомство аралық.
2) Субъектілердің саны бойынша:
-екі жақты;
-көп жақты;
3) нысаны бойынша:
- ауызша;
- жазбаша.
4) әрекет ету уақыты бойынша:
а) мерзімді;
б) мерзімсіз;
Халықаралық шарттарың түрлері
Описание слайда:
1) субъектілерінің сипаты бойынша: - мемлекет аралық; - үкімет аралық; - ведомство аралық. 2) Субъектілердің саны бойынша: -екі жақты; -көп жақты; 3) нысаны бойынша: - ауызша; - жазбаша. 4) әрекет ету уақыты бойынша: а) мерзімді; б) мерзімсіз; Халықаралық шарттарың түрлері

Слайд 5





	Халықаралық шарттар жазбаша және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. 1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы тек жазбаша шарттарды жасасу, орындау, тоқтату тәртібін белгілейді. Ауызша шарттарға қатысты халықаралық құқықтық нормалар кодификацияланбаған.
	Халықаралық шарттар, реже бойынша, мынадай бөлімдерден тұрады:
- кіріспе бөлім (преамбула), бұнда белгіленген шартты жасасу мақсаты, тараптары көрсетіледі;
- орталық бөлімде, бұнда келісімшарт пәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі;
- қорытынды бөлімде, бұнда келісімшарттың күшіне ену шарттары, оның әрекет ету мерзімі, тоқтату тәртібі.
	Кейбір жағдайларда, келісімшарттарға Қосымша тіркестіреледі, бұнда негізгі мәтінге түсінік беретін нормалар, процедуралық ережелер, дауларды шешу жолдары көрсетіледі.
	Келісімшарттың барлық бөлімдерінің заңды күші бірдей және әр қайсысын есепке ала отырып қолданады.
Описание слайда:
Халықаралық шарттар жазбаша және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. 1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы тек жазбаша шарттарды жасасу, орындау, тоқтату тәртібін белгілейді. Ауызша шарттарға қатысты халықаралық құқықтық нормалар кодификацияланбаған. Халықаралық шарттар, реже бойынша, мынадай бөлімдерден тұрады: - кіріспе бөлім (преамбула), бұнда белгіленген шартты жасасу мақсаты, тараптары көрсетіледі; - орталық бөлімде, бұнда келісімшарт пәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі; - қорытынды бөлімде, бұнда келісімшарттың күшіне ену шарттары, оның әрекет ету мерзімі, тоқтату тәртібі. Кейбір жағдайларда, келісімшарттарға Қосымша тіркестіреледі, бұнда негізгі мәтінге түсінік беретін нормалар, процедуралық ережелер, дауларды шешу жолдары көрсетіледі. Келісімшарттың барлық бөлімдерінің заңды күші бірдей және әр қайсысын есепке ала отырып қолданады.

Слайд 6





	Екі жақты келісімшарттар келісуші 2 тараптың тілдерінде жасалады. 2тілде жасалған мәтіндердің заңды күші бірдей болады.
	Кейбір жағдайда 2-жақты келісімшарттар 3 тілде жасалуы мүмкін, мысалы, егерде тілдердің біреуінде тиісті терминологиялық база жетілмеген болса.
	Көпжақты халықаралық келісімшарттар 1 немесе бірнеше тілдерде жасалады. Басқа тілдерге ресми аударылуы мүмкін. Ол келісімшарттың депозитарийімен белгіленеді, және содан кейін халықаралық шарттың қатысушыларына беріледі, мысалы, БҰҰ Жарғысы 5 тілде жасалған: орысша, ағылшын, француз, испан, қытай тілдерінде.
	Тек осы тілдердегі мәтіндер Жағының ресми мәтіндері болып табылады, ал қалған мәтіндер куәландырылған аудармасы болып табылады.
Халықаралық келісімшарттардың тілдері
Описание слайда:
Екі жақты келісімшарттар келісуші 2 тараптың тілдерінде жасалады. 2тілде жасалған мәтіндердің заңды күші бірдей болады. Кейбір жағдайда 2-жақты келісімшарттар 3 тілде жасалуы мүмкін, мысалы, егерде тілдердің біреуінде тиісті терминологиялық база жетілмеген болса. Көпжақты халықаралық келісімшарттар 1 немесе бірнеше тілдерде жасалады. Басқа тілдерге ресми аударылуы мүмкін. Ол келісімшарттың депозитарийімен белгіленеді, және содан кейін халықаралық шарттың қатысушыларына беріледі, мысалы, БҰҰ Жарғысы 5 тілде жасалған: орысша, ағылшын, француз, испан, қытай тілдерінде. Тек осы тілдердегі мәтіндер Жағының ресми мәтіндері болып табылады, ал қалған мәтіндер куәландырылған аудармасы болып табылады. Халықаралық келісімшарттардың тілдері

Слайд 7





	Өкілеттілік - бұл құзырлы мемлекеттік органнан шығатын құжат, осы құжат арқылы келіссөз жүргізу, келісімшарттықабылдау, келісімшарттың міндеттілігіне келісімін білдіру немесе келісімшартқа қатысты өзге де актіні жасасу мақсатында өз мемлекетінің өкілі ретінде 1 немесе бірнеше тұлғалар тағайындалады.
	Өкілеттіліксіз өз мемлекетінің атынан мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (өз мемлекеті мен оған сенім көрсетілген мемлекеттің арасында келісімшарт мәтінін қабылдау үшін); халықаралық конференциялар немесе халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері қатыса алады.
	Екіжақты келісімшарт жасасқанда тараптар өз өкілеттіліктерімен алмасады, егер келісімшарт көпжақты болса, онда оларды конференцияның Ұйымдастыру Комитетіне немесе халықаралық ұйымның тиісті органына тапсырады.
	Халықаралық келісімшартты жасасу мынадай кезеңдерден (стадиялардан) тұрады:
- мәтінді дайындау (құрастыру) және оның түп нұсқалылығын белгілеу;
- келісімшарт мәтінін қабылдау;
- келісімшарттың міндеттілігіне келісімін беру.
Описание слайда:
Өкілеттілік - бұл құзырлы мемлекеттік органнан шығатын құжат, осы құжат арқылы келіссөз жүргізу, келісімшарттықабылдау, келісімшарттың міндеттілігіне келісімін білдіру немесе келісімшартқа қатысты өзге де актіні жасасу мақсатында өз мемлекетінің өкілі ретінде 1 немесе бірнеше тұлғалар тағайындалады. Өкілеттіліксіз өз мемлекетінің атынан мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (өз мемлекеті мен оған сенім көрсетілген мемлекеттің арасында келісімшарт мәтінін қабылдау үшін); халықаралық конференциялар немесе халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері қатыса алады. Екіжақты келісімшарт жасасқанда тараптар өз өкілеттіліктерімен алмасады, егер келісімшарт көпжақты болса, онда оларды конференцияның Ұйымдастыру Комитетіне немесе халықаралық ұйымның тиісті органына тапсырады. Халықаралық келісімшартты жасасу мынадай кезеңдерден (стадиялардан) тұрады: - мәтінді дайындау (құрастыру) және оның түп нұсқалылығын белгілеу; - келісімшарт мәтінін қабылдау; - келісімшарттың міндеттілігіне келісімін беру.

Слайд 8





	Келісімшарттың әрекеті. Келісімшарттың күшіне енуі. Келісімшарттың күшіне келісімшарттың өзінде немесе келіссөзге қатысушы мемлекеттер арасында келісілген тәртіпте және сол күнде енеді.
	Егер бұндай келісушілік болмаса, онда келіссөзге қатысушылардың барлығын келісімшарттың олар үшін міндеттілігіне келісімін бергенде ғана күшіне енеді.
Сонымен қатар, келісімшарт ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттармен алмасқанда, сақтауға берілетін ратификациялық грамоталардың белгіленген саны берілгенде немесе осыдан кейін белгілі бір мерзім өткенде күшіне енеді.
Казақстанның шет мемлекеттермен жасасқан келісімшарттарының көбінде әрекет ету мерзімдері туралы жағдайлар қарастырылған және әрекет ету мерзімін ұзарту механизмі де қарастырылған.
Халықаралық келісімшарттың мерзімін ұзарту пролонгация деп аталады.
	Халықаралық келісімшартты сақтау және қолдану.Әрбір әрекет етуші келісімшарт оған отырушылар үшін міндетті: Қатысушылар келісімшарт бойынша қабылданған міндеттемелерді адал ниетпен орындаулары қажет (1969ж. Вена Конвенциясының 27б.).
Халықаралық келісімшарт құқығының негізгі қағидасы халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің барлығын адал ниетпен орындау қағидасы.
Описание слайда:
Келісімшарттың әрекеті. Келісімшарттың күшіне енуі. Келісімшарттың күшіне келісімшарттың өзінде немесе келіссөзге қатысушы мемлекеттер арасында келісілген тәртіпте және сол күнде енеді. Егер бұндай келісушілік болмаса, онда келіссөзге қатысушылардың барлығын келісімшарттың олар үшін міндеттілігіне келісімін бергенде ғана күшіне енеді. Сонымен қатар, келісімшарт ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттармен алмасқанда, сақтауға берілетін ратификациялық грамоталардың белгіленген саны берілгенде немесе осыдан кейін белгілі бір мерзім өткенде күшіне енеді. Казақстанның шет мемлекеттермен жасасқан келісімшарттарының көбінде әрекет ету мерзімдері туралы жағдайлар қарастырылған және әрекет ету мерзімін ұзарту механизмі де қарастырылған. Халықаралық келісімшарттың мерзімін ұзарту пролонгация деп аталады. Халықаралық келісімшартты сақтау және қолдану.Әрбір әрекет етуші келісімшарт оған отырушылар үшін міндетті: Қатысушылар келісімшарт бойынша қабылданған міндеттемелерді адал ниетпен орындаулары қажет (1969ж. Вена Конвенциясының 27б.). Халықаралық келісімшарт құқығының негізгі қағидасы халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің барлығын адал ниетпен орындау қағидасы.

Слайд 9





	Халықаралық келісімшарттардың әрекетін тоқтату және доғару.Әрекетін тоқтату - бұл нақты күннен бастап келісімшарттың күшінің жойылуы
Доғару - келісімшарттың күшін уақытша тоқтату
	Халықаралық келісімшарттың әрекетін тоқтату негіздері:
а) соғыс болған жағдайда;
б) егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса, екінші тараптың тоқтатуы;
в) келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткенде;
г) келісімшарт орындалғанда;
д) келісімшарттың субъектісі өмір сүруін тоқтатқанда;
е)келісімшартты денонсациялау. Денонсация – бұл мемлекеттің келісімшарттан заңға сәйкес біржақты бас тартуы.
	Келісімшарттың күшін жою – бұл оны жасаған сәттен бастап оны жарамсыз деп тану.
Описание слайда:
Халықаралық келісімшарттардың әрекетін тоқтату және доғару.Әрекетін тоқтату - бұл нақты күннен бастап келісімшарттың күшінің жойылуы Доғару - келісімшарттың күшін уақытша тоқтату Халықаралық келісімшарттың әрекетін тоқтату негіздері: а) соғыс болған жағдайда; б) егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса, екінші тараптың тоқтатуы; в) келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткенде; г) келісімшарт орындалғанда; д) келісімшарттың субъектісі өмір сүруін тоқтатқанда; е)келісімшартты денонсациялау. Денонсация – бұл мемлекеттің келісімшарттан заңға сәйкес біржақты бас тартуы. Келісімшарттың күшін жою – бұл оны жасаған сәттен бастап оны жарамсыз деп тану.



Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию