🗊Презентация Неміс классикалық философиясы

Категория: Философия
Нажмите для полного просмотра!
Неміс классикалық философиясы, слайд №1Неміс классикалық философиясы, слайд №2Неміс классикалық философиясы, слайд №3Неміс классикалық философиясы, слайд №4Неміс классикалық философиясы, слайд №5Неміс классикалық философиясы, слайд №6Неміс классикалық философиясы, слайд №7Неміс классикалық философиясы, слайд №8Неміс классикалық философиясы, слайд №9

Вы можете ознакомиться и скачать презентацию на тему Неміс классикалық философиясы. Доклад-сообщение содержит 9 слайдов. Презентации для любого класса можно скачать бесплатно. Если материал и наш сайт презентаций Mypresentation Вам понравились – поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте в закладки в своем браузере.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1

Неміс классикалық философиясы
Дайындаған: Мурат.Е Ю-21к
Тексерген: Маханова.Б.Р
Описание слайда:
Неміс классикалық философиясы Дайындаған: Мурат.Е Ю-21к Тексерген: Маханова.Б.Р

Слайд 2

Неміс классикалық философиясы
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.
Описание слайда:
Неміс классикалық философиясы Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.

Слайд 3

Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.

Слайд 4

И. Кант (1724-1804)
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.
Описание слайда:
И. Кант (1724-1804) Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады. Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.

Слайд 5

И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.

Слайд 6

Г.Ф. Гегель (1770-1831)
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Описание слайда:
Г.Ф. Гегель (1770-1831) Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.

Слайд 7

Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды. Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті.

Слайд 8

Л.Фейербах (1804-1872)
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Описание слайда:
Л.Фейербах (1804-1872) Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.

Слайд 9

Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.
Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.
Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Описание слайда:
Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады. Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді. Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды. Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.

Похожие презентации
Mypresentation.ru
Загрузить презентацию